НҰР-СҰЛТАН, 2 ақпан – Sputnik. Сейсенбі күні Эстонияда жаңа Sputnik Meedia тәуелсіз ақпарат сайты жұмысын бастады. Бұл агенттікте ел билігінің қысымынан кейін 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмысын тоқтатқан Sputnik Estonia редакциясының бұрынғы қызметкерлері жұмыс істейді.
Sputnik Meedia "Россия сегодня" медиахолдингінің құрылымына кірмейді және онымен ешқандай келісімшарт жасамаған. Жаңа сайт тәуелсіз қаржы көздерінен қаржыландырылады.
"Sputnik Estonia маған қарсы енгізілген Еуроодақ санкцияларының мен басқарып отырған медиахолдингке таралу қаупі болғандықтан жабылды. Бұл сорақылық. Алайда жазаланған журналистер батылдық танытып, Эстониядағы жұмысын жалғастыру үшін инвестор іздеп тапты. Біз ресми Таллин Sputnik Meedia командасын бізбен қарым-қатынас орнатты деп айыптау үшін ілік іздейтінін жақсы түсінеміз. Сондықтан жаңа сайтпен ешқандай ресми байланыс орнатпадық. Жаңа БАҚ-тың жұмысын ерекше ықыласпен бақылаймыз", - деді "Россия сегодня" ХАА бас директоры Дмитрий Киселев.
"Sputnik Meedia сайтына сәттілік тілейміз. Елене Чернышева мен оның әріптестері үлкен сынақтан өтті. Олардың батылдығы, ерлігі мен ештеңеге қарамастан сөз бостандығын талап етуі сүйсінуге тұрарлықтай. Балтық маңында шындықты жариялау қазір аса маңызды", - деді "Россия сегодня" медиатобының бас редакторы Маргарита Симоньян.