Әлем

Sputnik Estonia-ның бұрынғы журналистері тәуелсіз БАҚ ашты

© Sputnik / скрин видео Sputnik Meedia Руководитель нового ресурса, бывший главный редактор Sputnik Estonia Елена Черышева
Руководитель нового ресурса, бывший главный редактор Sputnik Estonia Елена Черышева - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2021
Жазылу
Журналистер Sputnik Estonia бағытын ұстанып, альтернативті ақпараттық контент жариялауды және Эстония мен Ресейдің тату көршілік қарым-қатынасын қолдауды жалғастыра беретіндерін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 2 ақпан – Sputnik. Сейсенбі күні Эстонияда жаңа Sputnik Meedia тәуелсіз ақпарат сайты жұмысын бастады. Бұл агенттікте ел билігінің қысымынан кейін 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмысын тоқтатқан Sputnik Estonia редакциясының бұрынғы қызметкерлері жұмыс істейді.

SPUTNIK ЭСТОНИЯҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛДІ - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.02.2020
Видео
Мәскеуде Sputnik Эстония қызметкерлерін қолдау мақсатында акция өтті
"Төрт жыл уақытымызды арнаған Sputnik-тегі жұмысымыз тоқтағаннан кейін бір жыл өткен соң қайта оралатын уақыт келді деп шештік. Sputnik Meedia альтернативті ақпарат контентін жариялап, Sputnik Estonia агенттігі жұмыс істеген және дамыған бағытты ұстанады. Біз Ресей мен Эстония арасындағы тату көршілік қарым-қатынасты қолдауды жалғастыра береміз және шығыстағы көршіні қаралауға қарсымыз. Біз тарихтағы ақиқаттың бұрмалануына жол бермейміз. Әсіресе, Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысты. Біз жалған ақпарат таратушылармен күресіп, нақты фактілерді ұсынамыз", - деді жаңа ресурстың басшысы, Sputnik Estonia-ның бұрынғы бас редакторы Елена Чернышева өзінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Sputnik Meedia "Россия сегодня" медиахолдингінің құрылымына кірмейді және онымен ешқандай келісімшарт жасамаған. Жаңа сайт тәуелсіз қаржы көздерінен қаржыландырылады.

"Sputnik Estonia маған қарсы енгізілген Еуроодақ санкцияларының мен басқарып отырған медиахолдингке таралу қаупі болғандықтан жабылды. Бұл сорақылық. Алайда жазаланған журналистер батылдық танытып, Эстониядағы жұмысын жалғастыру үшін инвестор іздеп тапты. Біз ресми Таллин Sputnik Meedia командасын бізбен қарым-қатынас орнатты деп айыптау үшін ілік іздейтінін жақсы түсінеміз. Сондықтан жаңа сайтпен ешқандай ресми байланыс орнатпадық. Жаңа БАҚ-тың жұмысын ерекше ықыласпен бақылаймыз", - деді "Россия сегодня" ХАА бас директоры Дмитрий Киселев.

"Sputnik Meedia сайтына сәттілік тілейміз. Елене Чернышева мен оның әріптестері үлкен сынақтан өтті. Олардың батылдығы, ерлігі мен ештеңеге қарамастан сөз бостандығын талап етуі сүйсінуге тұрарлықтай. Балтық маңында шындықты жариялау қазір аса маңызды", - деді "Россия сегодня" медиатобының бас редакторы Маргарита Симоньян.

Жаңалықтар
0