Әлем

Lancet "Спутник V" вакцинасының зерттеу нәтижесін жариялады

Вакцина жаңа коронавирус инфекциясының ауыр жағдайларынан толық қорғайды, деп мәлімдеді Ресейдің тікелей инвестициялар қоры
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 2 ақпан – Sputnik. Lancet ғылыми журналы коронавирусқа қарсы "Спутник V" вакцинасын клиникалық зерттеудің үшінші кезеңінің нәтижесін жариялады, деп хабарлады Ресейдің тікелей инвестициялар қоры (РТИҚ).

Сарапшы "Спутник V" вакцинасының басқа препараттардан айырмашылығын атады  
"Гамалея  атындағы ЭМҰЗО мен РТИҚ әлемдегі ең көне және ең беделді медициналық журналдардың бірі The Lancet-те "Спутник V" вакцинасының тиімділігі мен қауіпсіздігін растайтын клиникалық сынақтың III кезеңінің нәтижесі туралы материал жарияланғанын хабарлайды", - деп мәлімдеді қор.   

РТИҚ бас директоры Кирилл Дмитриев жарияланымды пандемиямен күрестегі маңызды оқиға деп атады.  

"The Lancet жариялаған деректер "Спутник V" әлемде алғаш тіркелген вакцина ғана емес, сонымен қатар ең үздіктердің бірі екенін дәлелдейді. Тәуелсіз сарапшылар жинаған және The Lancet журналында жарияланған мәліметтерге сәйкес, ол коронавирустың ауыр жағдайларынан толық қорғайды", - деп РИА Новости Дмитриевтің сөзін келтірді.

Оқи отырыңыз: Азаматтарды вакциналау шығындарын мемлекет көтереді – Тоқаев 

Айта кетейік, Ресей денсаулық сақтау министрлігі "Спутник V" вакцинасын 2020 жылы тамызда тіркеді. Вакцинаны РТИҚ қолдауымен Гамалея  атындағы ЭМҰЗО жасады. Бұл COVID-19 індетінің алдын алуға арналған әлемде алғаш тіркелген препарат.

Гамалея атындағы ЭМҰЗО директоры Александр Гинцбургтың айтуынша, "Спутник V" вакцинасының клиникалық зерттеулерінің халықаралық сараптамалық бағалауын жариялау пандемияға қарсы тұрудағы үлкен жетістік екенін айтты.

"Ресейлік вкцинаның қауіпсіздігі мен жоғары тиімділігі ұсынылған ғылыми шынайы мәліметтермен расталып отыр. Осы орайда, мен Гамалея атындағы орталықтың ұжымын осы елеулі жетістікпен құттықтағым келеді. Адам аденовирусының негізінде бірнеше вакцина әзірленді. Болашақта жаңа препараттар әзірлеу үшін бұл құрал әлдеқайда тиімді болып табылады", - деп сенім білдірді Гинцбург.

"Әлемде бар болғаны үш вакцина, соның ішінде "Спутник V" де бар, 90%-тен жоғары тиімділік көрсетті. Айта кету керек, "Спутник V" бұл мәселеде басқа вакциналардан қауіпсіздігі мен латформаның сенімділігі, +2 +8 температуралық режимінің арқасында жеңіл тасымалдау және қолжетімді бағасы бойынша басқа вакциналардан көш ілгері тұр. "Спутник V" – адамзатқа арналған вакцина", - деді Дмитриев.

"Спутник V" препараты 16 елде тіркелді: Ресей, Беларусь, Сербия, Аргентина, Боливия, Алжир, Палестина, Венесуэла, Парагвай, Түркіменстан, Венгрия, Біріккен Араб Әмірліктері, Иран, Гвинея Республикасы, Тунис және Армения. Сондай-ақ, вакцинаны тіркеу процесіне Еуропа дәрілік заттар жөніндегі агенттігі (EMA) мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) бастама көтеруде.

III кезеңнің нәтижесі

Клиникалық сынақтардың үшінші кезеңінде "Спутник V" жоғары тиімділік, иммуногенді және қауіпсіз екенін көрсетті.

Вакцинаның тиімділігі бірінші және екінші вакцина немесе плацебо инъекциясын алған 19 866 еріктінің мәліметтерін талдау негізінде 91,6% құрады.

Ал AstraZeneca тиімділігі - 62,1%, Sinovac - 50,4%, Sinopharm - 79,3%. Қазір AstraZeneca компаниясы өз вакцинасының тиімділігін 62,1% -тен жоғары деңгейге көтеріп жатыр, оған "Спутник V" екпесінің екі компонентінің бірімен үйлесуі көмектескен.

60 жастан асқан еріктілердің қатысуы зерттеудің маңызды оқиғасына айналды (вакцина тобындағы ең үлкен қатысушы 87 жаста, ал плацебо тобындағы қарт кісі - 84 жаста). Қарттарға арналған қауіпсіздік көрсеткіштері жоғары болды. 60 жастан асқан 2 144 ерікті үшін тиімділігі 91,8%-ті құрады және статистикалық тұрғыдан 18-60 жас аралығындағы еріктілер тобының мәліметтерінен ерекшеленбеді.

"Зерттеу нәтижелеріне сәйкес, вакцина жаңа коронавирус инфекциясының ауыр жағдайларынан толық қорғайды. Коронавируспен ауырудың расталған барлық 20 ауыр жағдайы да плацебо тобында тіркелген, ал вакцина алғандар тобында мұндай жағдай мүлде жоқ", - деді РТИҚ-те.

Вакцина тобындағы еріктілердің 98% -тен астамында гуморалдық иммундық жауап, 100%-інде жасушалық иммундық жауап қалыптасқан.
Зерттеу көрсеткендей, "Спутник V" препараты салынған еріктілерде вирусты бейтараптандыратын антиденелердің деңгейі коронавируспен ауырған науқастардағы антиденелерден 1,3-1,5 есе жоғары болған. Басқа вакциналар бойынша коронавируспен ауырған адамдардыкімен салыстырғанда антиденелердің деңгейі шамамен бірдей немесе біршама төмен болған, деп хабарлады РИА Новости сайтына РТИҚ.

Сондай-ақ, "Спутник V" қауіпсіздік бойынша жоғары нәтиже көрсетті. Жағымсыз құбылыстардың басым бөлігі (94%) жеңіл түрде өткен. Ауыр аллергиялық реакциялар және анафилактикалық шок болған жоқ. Сонымен қатар, вакциналанған топтағы жағымсыз құбылыстардың деңгейі басқа вакциналарға қарағанда айтарлықтай төмен болды: "Спутник V" - 0,27% (вакциналанғандардың санын процентпен есептегенде), AstraZeneca - 0,66%, Pfizer - 0,58%, Moderna - 0,97%. Мәліметтерген мониторнг жүргізу бойынша тәуелсіз комитеттің қорытындысы вакциналаумен байланысты жағымсыз құбылыстар болмағанын растады.

"Спутник V" артықшылығы

"Спутник V" – тиімділігі 90%-тен жоғары әлемдегі үш вакцинаның бірі. СОонымен қатар, оның бірқатар басымдылықтары бар:
ондаған жылдар бойы қауіпсіздігін дәлелдеген адамның аденовирустық векторларының жақсы зерттелген және тиімділігі жоғары платформасы;
басқа платформалардағы вакциналармен салыстырғанда төмен бағасы (бір дозасы он доллардан арзан тұрады, бұл тиімділігі 90%-тен жоғары басқа вакциналарға қарағанда екі-үш есе төмен);

+2+8 Цельсий градус температура режиміндегі тасымалдауларға қатаң талаптардың болмауы, бұл бүкіл әлем бойынша логистиканың қарапайымдылығын қамтамасыз етеді.

Вакцина салдырған қазақстандықтарға QR-код беріледі
Адам аденовирустарының негізіндегі вакциналардың қауіпсіздігі екі онжылдықта әлем боынша жүргізілген 250 клиникалық зерттеулерде және 75-тен астам халықаралық жарияланымда расталған. Жалпы, адам аденовирустарын вакциналардың құрамында пайдалану 1953 жылы басталған.

Аденовирусты векторлар дегеніміз – бұл адам ағзасында көбейе алмайтын қарапайым суық тиюдің (тұмау) генетикалық түрлендірілген вирустары. "Спутник V" вакцинасын қолдану кезінде ағзаға коронавирус бармайды, вакцинаның құрамында коронавирустың сыртқы ағуызды қабығының - "тәжді" құрап тұрған "тікенектердің" генетикалық ақпараты ғана болады. Бұл вакциналау салдарынан коронавирус жұқтыру мүмкіндігін болдырмайды да, тұрақты иммундық жауап қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Адам аденовирусының Ad5 and Ad26 серотиптеріне негізделген екі түрлі векторды қолдану коронавирусқа қарсы екі егу кезінде бірдей векторды қолданатын вакциналарға қарағанда айтарлықтай тиімді қорғанышты қамтамасыз етеді. Екі түрлі векторды қолданудың арқасында "Спутник V" вакцинасында ықтималн бейтараптандырғыш әсер болмйды. Бұл ұзаққа созылатын иммундық жауап қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Сарапшылар үшінші кезеңнің нәтижелеріне оң пікір білдірді
Батыс елдеріндегі сарапшылардың көбі Ланцеттегі жарияланымды оң көзқараспен қабылдады және ресейлік вакцинаның тиімділігі, қауіпсіздігі мен логистикасының жеңілдігін атап өтті.

"Мұнда ұсынылған нәтижелер өте айқын және ғылыми қағидалар дәлелденген. Демек, коронавирустық инфекцияның пандемиясына қарсы тұруға қабілетті тағы бір вакцина қатарға қосыла алады", - деді Рединг университеті мен Лондон гигиена және тропикалық медицина мектебінің ғалымдары Иан Джонс пен Полли Рой.

"Вакцина ауыр сырқаттану немесе өлімнің алдын алуда 100% тиімді. Ал бұл ең маңызды параметр. Біздің әрқайсысымызжеңіл суық тиюге қарсы тұра аламыз. Бастысы – ауруханаға жатып, ауру асқындап кетпесе болды", - деді АҚШ-тағы Вистар институтының вакциналар мен иммундық терапия орталығының медицина ғылымдарының докторы Хильдегунд Эртл.

Эртл "Спутник V" вакцинасының алғашқы екпесінен кейін-ақ аурудан қорғаныс деңгейі 87,6%-ті құрағанын атап өтті. Осылайша, ол AstraZeneca немесе Johnson&Johnson компанияларының вакциналарына қарағанда әлдеқайда тиімдірек. Медицина докторы дәл осы секілді тиімді Pfizer және Moderna РНҚ-вакциналарына қарағанда тоңазытқышта сақтауға болатын "Спутник V" вакцинасы коронавирустың жаөандық пандемиясына қарсы күресте үлкен маңызға ие болатынына сенім білдірді.

"Бұл сөзсіз жақсы жаңалық. Себебі, қос формуласы бар вакцинаны салыстырмалы түрде вакцина тапшылығы ықтимал жағдайда және логистикалық проблемалар туындаған кезеңде жеңіл өндіруге және қолайлы температурада тасымалдауға мүмкін болып отыр", - деді Франциядағы Inserm Ұлттық денсаулық сақтау және медициналық зерттеулер институтының зерттеулер жөніндегі директоры Сесил Черкински.

Шығыс Англиядағы медициналық микробиология университетінің профессоры Дэвид Ливермор мРНҚ технологиясы негізінде әзірленген Pfizer және Moderna вакциналары секілді "Спутник V" препараты да адамның аденовирустық векторының негізінде дайындалған тиімділігі 90%-тен жоғары алғашқы вакцина екенін атап өтті.

"Қазіргі уақытта әлемге коронавирусқа қарсы сапалы вакциналардың барлығы қажет", - деді Ливермор.