Өңірлер

Синоптиктер 1 ақпанда ауа райы қандай болатынын айтты

Қыстың соңғы айының бірінші күнінде республиканың басым бөлігінде күн ашық болады деп болжанып отыр
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 31 қаңтар – Sputnik. Республикасының басым бөлігінде антициклон әсері әлі де сақталатындықтан күн ашық болады. Тек Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысында жауын-шашын жауып, жел күшейеді.

Республика бойынша кей жерде тұман түседі, деп хабарлайды Қазгидромет.

Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ болады.

Жамбыл облысының кей жерінде жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.

Түркістан облысының кей жерінде тұман түсіп, жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді деп болжанып отыр.

Шығыс Қазақстан облысында кей жерде желдің күші 15-20, екпіні 23 м/с-ке дейін күшейіп, күндіз бұрқасын жүреді.  

Ақмола, Қызылорда, Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында тұман түседі.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің күші 18-23, екпіні 28 м/с болады, дейді мамандар.

Нұр-Сұлтанда дүйсенбі күн бұлтты, жауын-шашын болмайды. Күндіз ауа температурасы -  минус 6-8 градус.

Алматыда ауа райы құбылмалы болады. Күндіз ауа температурасы +5+7 градусқа дейін көтеріледі.

Шымкентте ертең күн бұлтты, жауын түсуі мүмкін. Күндіз ауа температурасы +8+10 градус болады деп болжанып отыр, желдің күші секундына 13 метрге дейін жетуі ықтимал.