НҰР-СҰЛТАН, 31 қаңтар – Sputnik. Республикасының басым бөлігінде антициклон әсері әлі де сақталатындықтан күн ашық болады. Тек Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысында жауын-шашын жауып, жел күшейеді.
Республика бойынша кей жерде тұман түседі, деп хабарлайды Қазгидромет.
Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ болады.
Жамбыл облысының кей жерінде жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.
Түркістан облысының кей жерінде тұман түсіп, жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді деп болжанып отыр.
Шығыс Қазақстан облысында кей жерде желдің күші 15-20, екпіні 23 м/с-ке дейін күшейіп, күндіз бұрқасын жүреді.
Ақмола, Қызылорда, Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында тұман түседі.
Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің күші 18-23, екпіні 28 м/с болады, дейді мамандар.
Нұр-Сұлтанда дүйсенбі күн бұлтты, жауын-шашын болмайды. Күндіз ауа температурасы - минус 6-8 градус.
Алматыда ауа райы құбылмалы болады. Күндіз ауа температурасы +5+7 градусқа дейін көтеріледі.
Шымкентте ертең күн бұлтты, жауын түсуі мүмкін. Күндіз ауа температурасы +8+10 градус болады деп болжанып отыр, желдің күші секундына 13 метрге дейін жетуі ықтимал.