Оқиға

Жүргізуші қысылып қалды: Алматыда ірі жол апаты болды

Жойқын соққы салдарынан зардап шеккен азамат медициналық жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілді
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 27 қаңтар – Sputnik. Жоғары жылдамдықпен жүйткіген жүк көлігінің жүргізушісі жол жиегінде тұрған үш автокөлікке соқтығысты. Осы оқиғаға байланысты Алматы полицейлері тергеу амалдарын бастады.

Жол апаты салдарынан бір адам қатты зардап шегіп, түрлі деңгейдегі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Ал оқиға Құлагер шағын ауданында болған. 

Жүргізуші қысылып қалды: Алматыда ірі жол апаты болды

Куәгерлердің айтуынша, Серіков көшесімен келе жатқан ГАЗель автокөлігінің жүргізушісі ұйықтап кеткен. Салдарынан жүк көлігі жол жиегінде тұрған FAW маркалы көлікті соққан. Ал ол Opel машинасын орнынан қозғап жібергендіктен, алдында тұрған Nissan Maxima көлігіне зақым келтірген.

Соққының жойқын болғаны соншалық, ГАЗельдің кабинасы майысып, жүргізуші қысылып қалған. Оны құтқару үшін Алматы қаласының құтқару қызметінің көмегіне жүгінуге тура келді. Олар арнайы гидравликалық қайшы қолдану арқылы жүргізушіні шығарып алды.

Зардап шеккен азамат медициналық жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілді.

Оқи отырыңыз: Жол апаты кезінде терезеден ұшып кеткен баланы куәгер құтқарып қалды – видео

Қазіргі кезде осы оқиға бойынша Алматы полиция департаментінде тергеу амалдары басталды. Тиісті сараптамалар жасалады.