Қоғам

Алматыда автобус жолдан өтіп бара жатқан әйелді қағып кетті

Елу жастағы қала тұрғыны жақын маңда жаяу жүргіншілер жолағы мен жерасты жолы бола тұра, көшені кесіп өтпек болған
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 26 қаңтар – Sputnik. Алматыда Жандосов көшесінің бойында (Темирязев көшесіне жақын маңда) қайғылы жағдай болды: жоғары жылдамдықпен келген автобус жаяу жүргінші әйелді қағып кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Оқиға куәгерлері мен автобусты басқарған жүргізуші Жандосов көшесінде көлік кептелісі болғанын айтады. Сондай-ақ, жақын маңда жаяу жүргіншілер жолағы мен жерасты жолы бола тұра, әйел көшені кесіп өтпек болған.

Әйел жаяу жүргіншілер өткелінің маңындағы жолдан өте бастағанда шығыс бағытқа қарай келе жатқан машиналардың бірі оны өткізіп жіберген. Ал автобус жолағымен келе жатқан №124 маршруттағы қоғамдық көлік жүргізушісі оны байқамай қалған.

Автобус жаяу жүргіншіні жылдамдықпен қағып кетуі салдарынан әйел сол жерде қайтыс болды.

Оқи отырыңыз: Жол апаты кезінде терезеден ұшып кеткен баланы куәгер құтқарып қалды – видео

Полицейлер марқұмның 1971 жылы туғанын анықтады. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.