АЛМАТЫ, 26 қаңтар – Sputnik. Қазақстанда 18-24 қаңтар аралығында коронавирус инфекциясынан 73 адам қайтыс болды. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия хабарлады.
Ал оның алдындағы аптада – 11-17 қаңтар аралығында Қазақстанда 54 адам коронавирустан қайтыс болды.
Оқи отырыңыз: Өңірлер коронавирус статистикасын не үшін жасырып отыр
Кейінгі бір аптада қайтыс болғандар Алматы қаласы мен Батыс Қазақстан облысында көп тіркелді. Барлығы 73 адам көз жұмды:
- Алматы қаласында - 14;
- Батыс Қазақстан облысында - 14;
- Алматы облысында - 12;
- Шығыс Қазақстан облысында - 6;
- Нұр-Сұлтан қаласында - 6;
- Шымкент қаласында - 4;
- Қарағанды облысында - 4;
- Павлодар облысында - 4;
- Ақмола облысында - 2;
- Ақтөбе облысында - 2;
- Атырау облысында - 2;
- Қостанай облысында - 2;
- Солтүстік Қазақстан облысында - 1.
Жалпы пандемия басталғалы 179 720 адамнан коронавирус анықталды, соның ішінде 2 495 науқас көз жұмды. Ал бірінші тамыздан бері 47 445 адам пневмонияға шалдықты, 558-і қайтыс болды.