Өңірлер

Өңірлер коронавирус статистикасын не үшін жасырып отыр

© AP Photo / Themba HadebeМедик в защитном костюме пробегает мимо баллонов с кислородом в больнице с коронавирусом
Медик в защитном костюме пробегает мимо баллонов с кислородом в больнице с коронавирусом  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Президент науқастар саны туралы нақты дерек, әсіресе, оқушыларды оқыту форматын анықтау және бизнес пен халық үшін карантиндік шектеу шараларын енгізу кезінде маңызды екенін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 26 қаңтар – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өңірлерде коронавирустың нақты статистикасын анықтау үшін зерттеу жүргізуді тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Пандемия кезінде медициналық статистиканың шынайылығы ең өткір мәселе болды. Өңірлер рейтинг қуып, жазадан қорқып, нақты жағдайды жасырады. Біз негізделген шешім қабылдау үшін халық денсаулығының нақты көрсеткішін білуге міндеттіміз. Пациенттердің тағдыры бұған тікелей байланысты. Сол себепті тез арада барлық өңір мен жас топтары бойынша коронавируспен ауырудың нақты статистикалық зерттеуін ұйымдастыруды тапсырамын. Ол бір ай ішінде жасалып, жаңартылып отыруы тиіс", - деді Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында. 

Президент науқастар саны туралы нақты дерек, әсіресе, оқушыларды оқыту форматын анықтау және бизнес пен халық үшін карантиндік шектеу шараларын енгізу кезінде маңызды рөл ойнайтынын атап өтті. 

"Жұмысқа атүсті қарамай, қателіктен сабақ алуымыз керек. Пандемияның басталғанына бір жылға жуық өтті, осы уақытта жинаған тәжірибені ескеру қажет. Қазір бірқатар ел шектеу енгізу үшін халықтың иммундық мәртебесін негізгі критерий ретінде қарастырады. Біз де экономикалық және санитарлық шаралар балансы негізінде жаңа шынайылық құруымыз керек. Бұл үшін бізде отандық IT-компаниялардың әзірлемелері бар", - деді мемлекет басшысы. 

Осыған байланысты Тоқаев үкіметке "Атамекен" ҰКП бірлесіп бір ай ішінде иммундық мәртебе туралы ақпараты бар QR-код енгізу мәселесін пысықтауды тапсырды.

 

Жаңалықтар
0