НҰР-СҰЛТАН, 26 қаңтар – Sputnik. Теміртауда қыз қар басып жатқан ашық кәріз құдығына құлап кетті.
Қаланың 8-шағын ауданында жайсыз оқиға болды. 18 жастағы қыз ата-анасымен бірге дүкенге барған. Қыз ашық кәріз құдығына құлап, аяғын сындырып алған.
Болған оқиғаны жәбірленушінің анасы Instagram-да айтып берді.
"Біз қатар жүріп келе жатыр едік, оны ұстап үлгердік. Бірақ аяғын гипстеді. Бұл 25 қаңтар күні түстен кейін болды. Егер ол жерге кішкентай бала құлап кетсе, онда оның салдары мүлде басқаша болар еді. Құдықтар қашан дұрыстап жабылады", - деп шағымданды әйел.
Оқи отырыңыз: Бала кәріз құдығына құлап кетті – жантүршігерлік видео қайда түсірілді
Теміртау қаласының әкімдігі құдықтың жабылғанын хабарлады. Әкімдік сонымен бірге бұл кәріз құдығы жеке тұлғаның балансында екенін, осыған байланысты ол жауапкершілікке тартылатынын атап өтті.
Қала тұрғындары ашық құдықтар проблемасы 11 жылдан бері бар екенін айтып отыр. Осы уақыт ішінде адам өлімі де болған.