Оқиға

Бала кәріз құдығына құлап кетті – жантүршігерлік видео қайда түсірілді

© Sputnik / Табылды КадырбековОткрытый канализационный люк, иллюстративное фото
Открытый канализационный люк, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Татарстан прокуратурасы кәріз құдығына құлап кеткен бала туралы ақпаратты тексеріп жатыр. Егер дерек расталса, онда коммуналдық қызмет тексеріледі

НҰР-СҰЛТАН, 25 қазан – Sputnik. Бала анасының көз алдында кәріз құдығына құлап кетті. Оқиғаның видеосы интернетте жарияланды.

Жазбадан көшеде баласын ертіп келе жатқан әйелді көруге болады. Бала құдықтың қақпағына шығып, оған құлап кетеді. Зәресі ұшқан ана жанталаса көмекке ұмтылады, оның артынан куәгерлер жүгіріп келеді. Олар баланы шығарып алды.

Видео қазақстандық пабликтерде тарап кетті, қолданушылар видеоның қайда түсірілгенін біле алмай дал болды.

Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға Татарстанда болған. Ақпаратты облыстың прокуратурасы тексеріп жатыр. Егер дерек расталса, онда коммуналдық қызметтердің жұмысы мұқият тексеріледі, деп хабарлады РИА Новостиге прокурордың аға көмекшісі Руслан Галиев.

Тағы оқыңыз: Ерікті әйел кәріз құдығына құлап кетіп, жоғалған баланы тауып алды

Ақпан айында Нұр-Сұлтандағы құдықтардың бірінен жоғалып кеткен 13 жастағы жасөспірімнің денесі табылды. Қайғылы оқиғадан кейін елорда құдықтары толық түгенделді. Әкімдік металл люктердің ұрлануы "елорданың кеселі" екенін айтты. Өткен жылдың күзінен бастап коммуналдық қызметкерлер мыңдаған ашық құдықты тапқан. Қалада құдықтарға қорғаныс торлары орнатыла бастады.  

Жаңалықтар
0