Өңірлер

Маңғыстау облысында жаңа елді мекен бой көтереді

Жаңа ауыл Кендірлі курорттық аймағына жақын жерде – Каспий теңізінен екі және Жаңаөзеннен 63 шақырым қашықтықта орналасады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 24 қаңтар – Sputnik. Маңғыстау облысында жаңа Кендірлі елді мекені бой көтереді. Өңір басшысы Серікбай Тұрымов болашақ ауылдың орнында ескерткіш тас қою шарасына қатысты.

Әкімнің айтуынша, Жаңаөзен қаласы мен жақын елді мекендердің халқы жыл сайын көбейіп келеді.

Оқи отырыңыз: Батыс Қазақстан облысында төрт ауыл жойылады 

Жаңа ауыл Кендірлі курорттық аймағына жақын жерде – Каспий теңізінен екі және Жаңаөзеннен 63 шақырым қашықтықта орналасады, деп жазды "Ақтау-Лада" басылымы әкімдікке сілтеме жасап.

Қазір ауылдың бас жоспары дайындалып жатыр.