Қоғам

Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан қайтыс болғандар көбейді

Пандемия басталғаннан бері коронавирустан 2 446 адам, бірінші тамыздан бері пневмониядан 547 адам қайтыс болды
Sputnik

АЛМАТЫ, 21 қаңтар – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус пен коронавирус белгілері бар пневмониядан қайтыс болғандар туралы ақпарат жариялады. Ведомствоның хабарлауынша, өткен тәулікте Қазақстанда COVID-19 инфекциясынан 15 адам, пневмониядан екі адам қайтыс болды.

Ал бір күн бұрын сегіз адам коронавирустан, үш адам пневмониядан қайтыс болды.

Бір тәулікте 1 180 адам инфекция жұқтырды, 131 адам пневмонияға шалдықты.

Оқи отырыңыз: Коронавирустың жаңа штаммы таралып жатыр – ғалымдар дабыл қақты

21 қаңтардағы жағдай бойынша 25 088 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр. Оның ішінде стационарларда – 6 737 пациент, амбулаториялық деңгейде 18 351 адам бар.

Науқастар арасында 298 науқастың жағдайы ауыр, 57 адам аса ауыр жағдайда жатыр. 41 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Пандемия басталғаннан бері коронавирустан 2 446 адам, бірінші тамыздан бері пневмониядан 547 адам қайтыс болды.