Қоғам

Қазақстанда індетке шалдыққан бір науқасқа 800 мың теңгеге дейін жұмсалды

Өткен жылы медициналық әлеуметтік сақтандыру қорынан коронавируспен күрес шараларына 187 миллиард теңге бөлінген  
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 20 қаңтар – Sputnik. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры коронавирусқа шалдыққан бір науқасқа 800 мың теңгеге дейін жұмсалатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Медициналық көмектің сапасын бақылау департаментінің директоры Ләззат Шоманованың айтуынша, қаржының көлемі науқастың жағдайына қарай бөлінеді.

"Аурудың жеңіл, орташа және ауыр дәрежесі болады. Орташа дәреже болса, 400 мың теңгеден астам қаржы бөлінеді. Ал науқас ауыр жағдайда жатса, шығынның көлемі 800 мың теңгеден асады. Оған барлық зертханалық-диагностикалық қызметтер, стационарда емделу, соның ішінде, салалық және жан сақтау бөліміндегі төсек орын құны да кіреді", - деді Шоманова орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Оқи отырыңыз: Экс-министр Біртановты үйқамақта ұстау мерзімі ұзартылды 

Айта кетейік, өткен жылы медициналық әлеуметтік сақтандыру қорынан коронавируспен күрес шараларына 187 миллиард теңге жұмсалған болатын. Бұл қаржы бірнеше бағытта бөлінді. Олар:

  • 110 миллиард теңге – медицина қызметкерлеріне үстемеақы төленді;
  • 54 миллиард теңге – провизорлық, инфекциялық және карантиндік стационарларда 384 мыңнан астам адам емделді;  
  • 27 миллиард теңге – ПТР-диагностика (1,9 миллион тест) жасалды;
  • 3,2 миллиард теңге – мобильді топтарға бөлінді.