Өңірлер

"Мені ешқайда шақырмады": Нұрашев қылмыстық іс туралы ақпаратқа пікір білдірді  

Алматы әкімінің баспасөз қызметі жайлы қалалық орта басқармасының басшысы Сапар Нұрашевтың өз жұмыс орнында екенін растайтын видео түсірді
Sputnik

АЛМАТЫ, 18 қаңтар — Sputnik.  COVID-19 науқастарына арналған модульдік аурухананы салу кезінде милиардтаған қаражатты жымқырды деген күдікке ілінген Алматы жайлы қалалық орта басқармасының басшысы Сапар Нұрашев дәл қазіргі уақытта жұмыс орнында және оны "ешқайда шақыртпаған".

Алматы әкімінің баспасөз қызметі Сапар Нұрашевтың өз жұмыс орнында екенін растайтын видео түсірді.

"Өздеріңіз көріп отырғандай, мен жұмыс орнымдамын. Бүгін қала әкімінің қатысуымен аппарат жиналысы өтті. Бірқатар тапсырма берілді. Жоспардан ешқандай ауытқусыз жұмыс істеп жатырмыз. Жоқ, мені ешқайда шақыртқан жоқ, ешкім ешқандай ақпарат берген жоқ. Жұмыс жалғасып жатыр", - деді басқарма басшысы видеожазбада.

Еске сала кетейік, сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің ақпараты бойынша, Алматы жайлы қалалық орта басқармасының басшысы Сапар Нұрашевке қатысты бюджет қаражатын жымқыру бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, бұл іске "Bi-Industrial" ЖШС директорының да қатысы бар екені айтылды.

Алматыда миллиардтап қаржы жымқыру ісі бойынша тергеу басталды 

БАҚ хабарлағандай, олар COVID-19 науқастарына арналған модульдік аурухананы салу кезінде 3,9 миллиард теңге жымқырды деген күдікке ілінді.

Күдіктіге қатысты Қылмыстық кодекстің 189-бабы "сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу" бойынша қылмыстық іс қозғалғаны хабарланды. Бұл бап бойынша мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып немесе жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.