Өңірлер

Алматыда миллиардтап қаржы жымқыру ісі бойынша тергеу басталды

© Sputnik / Абзал КалиевУголовное дело
Уголовное дело - Sputnik Қазақстан
Жазылу
COVID-19 науқастарына арналған модульдік аурухана салу кезінде 3,9 миллиард теңге жымқыру ісі бойынша әкімдік қызметкері мен BI Group кәсіпорнының директорына қатысты тергеу жүргізіліп жатыр

АЛМАТЫ, 18 қаңтар – Sputnik. Алматыда бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен Алматы жайлы қалалық орта басқармасының басшысы Сапар Нұрашевке қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Бұл ақпаратты сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік растады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.  

Ал Алматы әкімдігі Сапар Нұрашевтың қазір жұмыс орнында екенін мәлімдеді.

"Алматы жайлы қалалық орта басқармасының басшысы Сапар Нұрашевтың ұсталғаны туралы әлеуметтік желілер мен сайттарда жарияланған ақпарат шындыққа жанаспайды. Сапар Нұрашев қазір жұмыс орнында. Тергеуге дейінгі тексеруге қатысты қала әкімдігі барлық сұратылған ақпарат пен қажетті түсініктеме ұсынуға дайын", - делінген әкімдіктің ресми жауабында.

Сонымен қатар бұл іске "Bi-Industrial" ЖШС директорының да қатысы бар екені айтылды. Компанияның баспасөз қызметі кейінірек толық ақпарат беретінін хабарлады.

БАҚ ақпаратына сәйкес, әкімдік қызметкері мен құрылыс компаниясы директоры Алматыдағы модульді жұқпалы аурулар ауруханасының құрылысына бөлінген 3,9 миллиард теңгені жымқырды деген күдікке ілінді.

Оқи отырыңыз: Батыс Қазақстанда 140 миллион теңге жымқырған кәсіпорын директоры ұсталды 

Күдіктіге қатысты Қылмыстық кодекстің 189-бабы "сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу" бойынша қылмыстық іс қозғалғаны хабарланды. Бұл бап бойынша мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып немесе жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Ал 280 төсек-орынға лайықталған аурухана құрылысына 5,9 миллиард теңге бөлінген.

Айта кетейік, Сапар Нұрашев 2020 жылдың маусымында Алматы жайлы қалалық орта басқармасының басшысы болып тағайындалды. Бұрын ол басшының орынбасары болған.

Ал BI Group басшысы Айдын Рахымбаев өткен жылдың соңында open-book ("ашық кітап" қаржылық есеп жүйесі) жариялауға уәде берді.

Алматыдағы модульдік аурухана Қазақстанда коронавирус індеті өршіп тұрған кезде 18 күннің ішінде салынды.

Жаңалықтар
0