Фото

Рейганнан Трампқа дейін: АҚШ президенттерінің инаугурациясы қалай өтті – фото

Sputnik

Дәстүр бойынша Вашингтонда Капитолий алдында өтеді. Әдетте, бұл шараны тамашалауға көп адам жиналады. Салтанатты шара кезінде жаңа президент сөз сөйлейді.

Осы жылы Джо Байденнің инаугурациясы 20 қаңтарда өтеді. Бірақ, бұл жолы саланатты жиын мүлде басқа форматта өтетіні белгілі.

Әдетте, жаңадан сайланған президент пен вице-президент өз жұбайларымен Ақ үйге келеді. Оларды орнын тапсыратын президент пен вице-президент жарларымен күтіп алады. Барлығы бірге отырып шай ішеді.

Одан соң көлікке мініп, Капитолийге қарай жүреді.

Вице-президенттер өз жұптарымен бірінші болып орнынан қозғалса, артынша көшбасшылардың әйелдері мінген көлік жылжиды. Кортеж соңында қос президент мінген автомобиль жүріп отырады. Қызметтен кетіп жатқан президент оң жақта, жаңа сайланған көшбасшы сол жақта отырады.

Оқи отырыңыз: Тұмса табиғат: ұлттық парктердің ғажайып суреттері

Президент Дональд Трамп Джо Байденнің инаугурациясына қатыспайтынын мәлімдеді. Ал вице-президент Майк Пенс Трамптың "қырсық қылығына" қарамастан салтанатты шарада төбе көрсететінін айтты.

Инаугурация алдындағы бірлескен іс-әрекеттер сайлауалды бағдарлама кезіндегі кикілжіңді артқа қалдырып, тараптардың келісімге келуін білдіреді.

Соңғы 36 жылда Америка көшбасшыларының инаугурациясы қалай өткенін суреттер топтамасынан тамашалай аласыз.

1 / 12
Бірінші ханым Нэнси Рейган Ландовердегі Capital Center орталығында сөйлегеннен кейін президентті таныстыруды ұмытып кетті. Бірінші ханымның салтанатты кешкі ас алдында сөз сөйлеуі де президент инаугурациясының кезекті дәстүрінің бірі болып табылады.
2 / 12
Тағы бір маңызды дәстүр – инаугурация құрметіне ұйымдастырылған бал. Рональд Рейган 1985 жылдың 21 қаңтарында осы тектес балдың бірінде бірінші ханыммен билеуде. Осы жылы президент Джо Байден инаугурация балын өткізуден бас тартты. 1853 жылы президент Франклин Пирс те бұл шараны өткізбеген болатын.
3 / 12
Бірінші ханым Барбара Буш 1989 жылдың 21 қаңтарында Вашингтондағы салтанатты қабылдау кезінде өзінің күйеуі – президент үлкен Джордж Бушқа Техас гербі бейнеленген етікті көрсетуге көмектесіп жатыр.
4 / 12
Әскери шеру бағыты бойынша салтанатты түрде жүріп өту де дәстүрге айналған. Фотода үлкен Джордж Буш пен бірінші ханым көпшілікке сәлем жолдауда. Осы жылы Капитолийде ант бергеннен кейін президент, бірінші ханым және вице-президент ел әскеріне шолу жасайды. Бұл рәсім дәстүр бойынша елдегі билікті жаңа бас қолбасшыға бейбіт түрде тапсыруды білдіреді. Вашингтондағы инаугурация күні Пенсильвания-Авенюде өтетін салтанатты шеру биыл пандемияға байланысты виртуалды режимде өтеді.
5 / 12
Билл Клинтон мен әнші Чак Берри Ландовердегі Capital Center орталығындағы салтанатты кешкі астан кейін сөйлесіп тұр. Биыл инаугурацияға байланысты Конгресс мүшелеріне арналған дәстүрлі мерекелік кешкі ас мүлде болмайды. Комитет пандемияға байланысты оны өткізбеу туралы шешім қабылдады. Сол сияқты, бірде-бір бал болмайды. Әдетте, мерекелік балдар инаугурация кезінде бірнеше күнге созылатын.
6 / 12
Президент Билл Клинтон мен бірінші ханым Хиллари Клинтон Вашингтондағы салтанатты парад кезінде, 1993 жыл. Осы жылы президент кортежі Ақ үйге әскери қызметшілердің қоса ілесуімен барады. Биыл президент кортежін көше бойына жиналған жұрт қарсы алмайды. Ал қатысушылардың өздері әлеуметтік арақашықтықты сақтай отырып жүреді.
7 / 12
АҚШ президенті Джордж Буш әйелі Лорамен бірге Вашингтондағы Marriott Wardman қонақ үйіндегі инаугурация балында. 2021 жылы Джо мен Джилл Байден қонақтар алдында вальс билемейді.
8 / 12
2001 жылдың 18 қаңтарында Вашингтондағы Линкольн мемориалының жанында президентті ұлықтау рәсімінің салтанатты ашылуында жаңа сайланған президент Буш әнші Рики Мартинмен билеп тұр. Биылғы жылы ашылу салтанатына қазақстандық Димаш Құдайберген өнер көрсетеді деп жоспарланған.
9 / 12
Президент Барак Обама 2013 жылдың 21 қаңтарында Вашингтонда өткен президенттің 57-ші инаугурациясы кезінде әнші Бейонсемен сөйлесіп тұр. Бейонсе осы салтанатты шарада мемлекеттік әнұранды орындаған болатын.
10 / 12
Джо Байден бұған дейін де инаугурацияға вице-президент қызметінде қатысқан болатын. Сол кездегі бірінші ханым Мишель Обама вице-президент Джо Байденді бақылаушылар палубасында қарсы алып тұр. Президенттің инаугурация шеруі Барак Обама екінші рет президент ретінде ант берген кезде, яғни, 2013 жылдың 21 қаңтарында бүкіл бас қала арқылы өтті.
11 / 12
АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтондағы инаургурация рәсімінде. Ант беру кезінде президент қолында Библия ұстап тұр. Тұңғыш президент Джордж Вашингтонға тиесілі Библияны Уоррен Гардинг, Дуайт Эйзенхауэр және үлкен Джордж Буш сияқты президенттер таңдаса, Линкольн Библиясын Барак Обама мен Дональд Трамп қолына алған. Ал Обама екінші рет сайланған кезде Мартин Лютер Кингке тиесілі Библияны таңдады.
12 / 12
2017 жылдың 20 қаңтарындағы инаугурациядан кейін бірінші ханым Мелания Трамп, АҚШ президенті Дональд Трамп, вице-президент Майк Пенс және оның әйелі Карен экс-президент Барак Обаманың Капитолиядан ұшып шыққан тікұшағына қол бұлғап тұр.