НҰР-СҰЛТАН, 16 қаңтар – Sputnik. Қырғызстанда Жогорку Кенеш депутаты Дүйсен Төреқұлов сыбайлас жемқорлық және Ош қаласында орналасқан былғары өңдеу зауытын рейдерлік жолмен тартып алу ісі аясында ұсталды, деп хабарлады елдің ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті.
"Тергеу қылмыстық істің айыпталушыларынан Жогорку Кенеш депутаты Дүйсен Төреқұловтың сот органдары өкілдерімен және жеке тұлғалармен аталған зауытты рейдерлік жолмен тартып алуға бағытталған қылмыстық келісім жасағаны туралы бұлтартпайтын дәлел және тікелей түсініктеме алды", - делінген хабарламада.
Төреқұловқа Қырғызстан Қылмыстық кодексінің "Сыбайлас жемқорлық" бабында қарастырылған қылмысты жасады деген күдікке ілінгенін хабарлаған.
Қырғызстан Конституциясына сәйкес, Жогорку Кенеш депутатын қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін парламентарийлердің көпшілігі келісім беруі керек.
"Кім екенімді білесің бе?": экс-депутаттың ерсі қылығы видеоға түсіп қалды
Төреқұлов 2017 жылдың қаңтарында "Бір Бол" фракциясынан парламент депутаты болып сайланған. Бұған дейін ол кәсіпкерлікпен айналысып, кеденде және Ош әкімдігінде жұмыс істеген.