Өңірлер

"Кім екенімді білесің бе?": экс-депутаттың ерсі қылығы видеоға түсіп қалды

© SputnikВодительское удостоверение, архивное фото
Водительское удостоверение, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Полицияның "қауіпсіздік белдігін тағыңыз" деген ескертуі бұрынғы депутатқа жақпаған көрінеді. Ол дөрекілік танытып, блок бекеттен өтіп кетпек болған

НҰР-СҰЛТАН, 28 қараша – Sputnik. "Братишка, кіммен сөйлесіп тұрғаныңды білесің бе?". Павлодар облыстық мәслихатының бұрынғы депутаты тәртіп сақшыларына осылай сес көрсетті. Видеоны облыстық полиция департаменті таратты.

Тәртіп сақшысының "жеті атасын" түгендеген экс-депутат осы күнде белді бизнесмен көрінеді. Бірақ "тергеу құпиялығына байланысты" деген желеумен полиция оның аты-жөнін ашып айтпады, деп хабарлады "Астана" арнасы.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда депутат ұсталды 

Келтірілген деректерге қарағанда, көлік блок-бекетте тоқтатылған. Жүргізушінің қалаға кіріп-шығатын құжаттары түгел көрінеді. "Қауіпсіздік белдігін тағыңыз" деген полиция ескертуі бұрынғы депутатқа жақпаған екен. Ол дөрекілік танытып, блок бекеттен өтіп кетпек болған.

"Аталған факті бойынша ер адамға қатысты әкімшілік іс қозғалды. Тергеу аяқталғанша уақытша ұстау абақтысында қамауда болды. Артынан сот шешіміне сәйкес оған 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды", - деді Павлодар облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Жанна Біләлова.  

Жаңалықтар
0