НҰР-СҰЛТАН, 16 қаңтар – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 972 адамның коронавирус індетін жұқтырғаны ПТР арқылы расталды, деп хабарлайды ведомствоаралық комиссия.
"Коронавирус індетін жұқтырғандардың ең көбі Нұр-Сұлтан (121) мен Алматы қаласында (121) тіркелді. Одан кейінгі көп жағдай Павлодар облысында (110) анықталды", – делінген хабарламада.
Қалалар мен өңірлер бойынша:
- Нұр-Сұлтан қаласы - 121,
- Алматы қаласы - 121,
- Шымкент қаласы - 17,
- Ақмола облысы - 78,
- Ақтөбе облысы - 7, Алматы облысы - 89,
- Атырау облысы - 91,
- Шығыс Қазақстан облысы - 52,
- Жамбыл облысы - 20,
- Батыс Қазақстан облысы - 49,
- Қарағанды облысы - 50,
- Қостанай облысы - 73,
- Қызылорда облысы - 8,
- Маңғыстау облысы - 7,
- Павлодар облысы - 110,
- Солтүстік Қазақстан облысы - 53,
- Түркістан облысы - 26.
Жалпы бүгінге дейін республика бойынша коронавирус дертіне шалдыққандар саны саны 167 118 адамға жетті. Оның ішінде 152 437 пациент жазылып шықса, 2 349 науқас қайтыс болды.