Қоғам

Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсті

© REUTERS / BERNADETT SZABOЗертхана қызметкері
Зертхана қызметкері - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бүгінге дейін республика бойынша коронавирус дертіне шалдыққандар саны 167 118 адамға жетті. Ал 152 437 пациент жазылып шықты

НҰР-СҰЛТАН, 16 қаңтар – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 972 адамның коронавирус індетін жұқтырғаны ПТР арқылы расталды, деп хабарлайды ведомствоаралық комиссия.

"Коронавирус індетін жұқтырғандардың ең көбі Нұр-Сұлтан (121) мен Алматы қаласында (121) тіркелді. Одан кейінгі көп жағдай Павлодар облысында (110) анықталды", – делінген хабарламада.

Қалалар мен өңірлер бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 121,
  • Алматы қаласы - 121,
  • Шымкент қаласы - 17,
  • Ақмола облысы - 78,
  • Ақтөбе облысы - 7, Алматы облысы - 89,
  • Атырау облысы - 91,
  • Шығыс Қазақстан облысы - 52,
  • Жамбыл облысы - 20,
  • Батыс Қазақстан облысы - 49,
  • Қарағанды облысы - 50,
  • Қостанай облысы - 73,
  • Қызылорда облысы - 8,
  • Маңғыстау облысы - 7,
  • Павлодар облысы - 110,
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 53,
  • Түркістан облысы - 26.

Жалпы бүгінге дейін республика бойынша коронавирус дертіне шалдыққандар саны саны 167 118 адамға жетті. Оның ішінде 152 437 пациент жазылып шықса, 2 349 науқас қайтыс болды.

Жаңалықтар
0