Палата отырысы кезінде мәжіліс спикерін сайлау, сондай-ақ жаңа үкімет құратын премьер-министрдің кандидатурасын мақұлдау жоспарланып отыр.
Палата және үкімет басшысының кандидатурасын мақұлдау рәсімі жасырын дауыс беру арқылы өтеді.
10 қаңтардағы сайлау қорытындысы бойынша, Қазақстан мәжілісіне үш партия – Nur Otan (71,09%), "Ақ жол" (10,95%) және "Қазақстан халық партиясы" (9,1%) өтті. Осылайша, үш партия өкілдері жетінші шақырылымның депутаты болды:
- Nur Otan – 76 мандат,
- Қазақстан халық партиясы – 10 мандат,
- "Ақ жол" партиясы – 12 мандат.
Мәжілістің тағы тоғыз депутаты Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланды.