Видео

Жаңа мәжілістің жалпы отырысы өтіп жатыр – тікелей эфир

Жазылу
2021 жылдың 10 қаңтарындағы сайлаудан кейін құрылған мәжіліс депутаттары алғашқы жалпы отырысты өткізіп жатыр

Палата отырысы кезінде мәжіліс спикерін сайлау, сондай-ақ жаңа үкімет құратын премьер-министрдің кандидатурасын мақұлдау жоспарланып отыр. 

Палата және үкімет басшысының кандидатурасын мақұлдау рәсімі жасырын дауыс беру арқылы өтеді.

10 қаңтардағы сайлау қорытындысы бойынша, Қазақстан мәжілісіне үш партия – Nur Otan (71,09%), "Ақ жол" (10,95%) және "Қазақстан халық партиясы" (9,1%) өтті. Осылайша, үш партия өкілдері жетінші шақырылымның депутаты болды:

  • Nur Otan – 76 мандат,
  • Қазақстан халық партиясы – 10 мандат,
  • "Ақ жол" партиясы – 12 мандат.

Мәжілістің тағы тоғыз депутаты Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланды.

Жаңалықтар
0