АЛМАТЫ, 15 қаңтар – Sputnik. Нұр-Сұлтанда жетінші шақырылған парламенттің алғашқы сессиясы басталды. Жиынға президент Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып жатыр, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі.
Президент мәжілістің жаңа құрамына үндеу жасайды. Содан кейін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысына қатысады.
Бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 15 қаңтарда парламентте үндеу жасайтынын мәлімдеді. Ол мәжіліс сайлауында дауыс бергеннен кейін реформалар әзірленіп жатқанын айтты.
Парламент жаңа шақырылымының алғашқы сессиясы өтеді – қаулы шықты
Еске сала кетейік, Қазақстанда 10 қаңтарда мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарының сайлауы өтті. Қорытындысына сәйкес, парламент төменгі палатасына үш партия өтті – Nur Otan, "Ақ жол" және Қазақстанның халық партиясы (бұрынғы коммунистік партия).
Сондай-ақ, мәжіліс депутаттарының қатарына Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері де енді.
Толық тізімді мына жерден көруге болады.