Саясат

Тоқаев 15 қаңтарда парламентте үндеу жасайды

© Sputnik / Болат ШайхиновЗдание парламента РК
Здание парламента РК - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан президенті парламентте еліміздің болашағына қатысты қызу пікірталас күтетінін және сапалы заңдар қабылданатынына үміттенетінін жеткізді

НҰР-СҰЛТАН, 10 қаңтар – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 15 қаңтарда парламентте үндеу жасайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Реформалар әзірленіп жатыр. Реформалар тоқтамауы тиіс. 15 қаңтарда мен парламентте, соның ішінде мәжілістің жаңа құрамына үндеу жасаймын. Содан кейін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысы өтеді, ол жерде реформаларға қатысты өте маңызды әңгіме болады", - деді Тоқаев журналистерге мәжіліс сайлауында дауыс бергеннен кейін.

Сондай-ақ, президент елде азаматтық қоғамның жоғары белсенділігі байқалып келе жатқанын атап өтті.

"Сайлау өте жақсы деңгейде ұйымдастырылған. Әзірге ешқандай заңбұзушылық жоқ. Десе де біз бақылап отырмыз. Бұл жолғы сайлау – қоғам, әсіресе азаматтық қоғам үшін үлкен сынақ. Мен бәрі жақсы өтеді деген үміттемін", - деді мемлекет басшысы.

Бұдан бөлек, Тоқаев мәжіліске әртүрлі партия кіретініне қатты үміттенетінін жеткізді.

Президент парламентте ел болашағына қатысты қызу пікірталас күтетінін мәлімдеп, өте сапалы заңдар қабылдануы тиіс екенін айтты.

Жаңалықтар
0