Экономика

Бір күнде 12 мыңнан астам қазақстандық зейнетақы төлемін алу үшін арнайы шот ашты

Зейнетақыны алуға арналған арнайы шотты қосымшаның көмегімен ғана емес, сонымен қатар бейне қоңырау арқылы да ашуға болады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 14 қаңтар – Sputnik. Бір күнде 12 мыңнан астам қазақстандық зейнетақы төлемін алу үшін арнайы шот ашты. Бұл туралы "Отбасы банкінің" Instagram-дағы аккаунты хабарлады.

"Кеше 12 222 қазақстандық ЖССБ 24 қосымшасы және бейне қоңырау арқылы біржолғы зейнетақы төлемін алу үшін арнайы шот ашты. Кейбір қиындықтарды мұқият анықтап, оларды жаңартылған қосымшада түзедік", - деп жазылған парақшада. 

Зейнетақы жинағын пайдалану: БЖЗҚ жеткіліктілік шегі туралы ақпарат таратты 

Банк құжаттарды тану функциясын жақсартып, қосымшаның жылдамдығын арттырған.

ЖССБ 24 қосымшасының жаңартылған нұсқасын Play Market жүйесінен жүктеп алуға болады. AppStore жүйесінде қосымшасының жаңартылған нұсқасы сәл кейінірек іске қосылады.

 "Егер сіз ЖССБ 24 қосымшасы арқылы арнайы шотты ашу кезінде қиындыққа тап болсаңыз, оны БИО-дағы сілтеме бойынша бейне қоңырау арқылы ашуға болады", - делінген хабарламада.