Фото

Тұмса табиғат: ұлттық парктердің ғажайып суреттері

Sputnik

Мемлекеттің ерекше қорғауындағы ұлттық табиғи парктердің төртеуі – табиғи резерват, елуі – табиғи қорықша және бес – қорықтық аймақ бар.

Қазақстандағы алғашқы ұлттық парк (Баянауыл) 1985 жылы құрылды. Ұлттық парктер құрудың негізгі идеясы – адамдарға қолжетімділікті қамтамасыз ете отырып, жабайы табиғаттың ерекше аймақтарын сақтау болып табылады.

Елдегі ең үлкен әрі ерекше аймақ – Қатон-қарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі. Оның ауданы 643 477 гектарды құрайды. Ең ірі қорық саналатын Қорғалжын қорығы Ақмола мен Қарағанды облысында 543 171 гектар алқапты алып жатыр.

Қазақстанда ТМД үшін теңдесі жоқ Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы бар. Бұл экологиялық жағдайы экстремалды сипаттағы жалғыз қорық. Ол жаһандық дәрежедегі экологиялық апат (Арал теңізі тартылуы) аймағында орналасқан.

Оқи отырыңыз: Аңыз әңгімелер негізінде салынған әлемдегі таңғажайып көпірлер – фото

Қазақстандағы ерекше қорғалатын аймақтардың жалпы көлемі ел аумағының 8,2%-ін құрайды.

Салыстыру үшін айтсақ, Ресейде 108 қорық, 63 ұлттық парк және 60 мемлекеттік табиғи қорықша бар. Федералдық және өңірлік деңгейдегі ерекше қорғалатын аймақтардың жалпы көлемі Ресей аумағының 13,6%-ін құрайды.

1 / 20
Карелияның Кижи аралындағы "Киджи" мемлекеттік тарихи-архитектуралық және этнографиялық музей-қорығының аумағы.
2 / 20
"Бурабай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркіндегі Бурабай көлінің ең танымал көрінісі. Парктің аумағы 129 299 гектарды құрайды.
3 / 20
"Аркаим" тарихи-мәдени қорығындағы "Шаманка" шоқысындағы "Тілектер шиыршығы".
4 / 20
Павлодар облысының Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркіндегі тау мен орман. 1985 жылы парктің негізі қаланып, ол Қазақстандағы алғашқы ұлттық парк болды. Баянауыл тау сілеміндегі табиғи флора мен фаунаны сақтау және қалпына келтіру парктің құрылуына себеп болды. Парктің жалпы ауданы 68 452,8 гектарды құрайды.
5 / 20
"Орыс Арктикасы" ұлттық паркіндегі морждардың жатағы. Оран аралдары. Жаңа Жер архипелагы.
6 / 20
Ән салатын құм төбе Алматы облысының "Алтынемел" ұлттық паркінің аумағындағы Жоңғар Алатауының жоталары – Үлкен және Шағын қалқандарының ортасындағы дәлізде орналасқан. Жалпы бұл парк Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 183 километр қашықтықта жатыр.
7 / 20
Псков облысының "Себежский" ұлттық паркіндегі "Қасиетті су" бұлағының үстінде салынған шағын шіркеу.
8 / 20
Күнгей Алатау шатқалдарының бірінде орналасқан Қайыңды көлін Қазақстандағы ең ерекше табиғат жаратылысы деп атауға болады. Оның басты ерекшелігі – су ішінде өсіп тұрған шыршалар. Ол "Көлсай көлдері" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде орналасқан.
9 / 20
Қырымның Опук қорығындағы Кояш көлі. Төмен түскен су салдарынан көлге алқызыл түс беретін балдырлар мен көлдің табаны көрінеді.
10 / 20
Республикадағы ең үлкен ұлттық табиғи парк – Шығыс Қазақстандағы Қатон-Қарағай ұлттық паркі. Оның ауданы 643 477 гектарды құрайды. Парк 2001 жылы құрылды. 2014 жылы ЮНЕСКО-ның ерекше қорғалатын мұралар тізіміне енді.
11 / 20
Пушкиндегі "Царское Село" мемлекеттік музей-қорығының Александровский паркіндегі Үлкен Қытай көпірінің үстінде орналасқан мүсін.
12 / 20
1998 жылдың 21 сәуірінде құрылған "Алакөл" мемлекеттік табиғи қорығындағы Алакөл көлі. Алакөл-Сасықкөл көлдерінің жүйесі Орталық Азия-Үндістан құстардың қоныс аудару жолында орналасқан. Сондықтан, су мен су маңындағы құстардың тіршілік ету ортасы ретінде көлдер әлемдік маңызы бар сулы-батпақты алқап болып табылады. Сол себепті 2009 жылдың 25 қарашасында Алакөл-Сасықкөл көлдерінің жүйесі халықаралық маңызы бар Рамсар конвенциясының халықаралық су-батпақты алқаптар тізіміне енді. 2004-2011 жылдар аралығында қорық аумағында жаһандық маңызы бар су-батпақты алқаптарды сақтауға бағытталған жоба әрекет етті. Бұл жоба Жаһандық экологиялық қор мен Қазақстан үкіметімен бірлесен БҰҰ Даму жобасы болып табылады.
13 / 20
"Саяно-Шушенский" мемлекеттік табиғи биосфералық қорығының аумағы.
14 / 20
Ленинград облысы, Приморск қаласы маңында Фин шығанағындағы "Қайыңды арал" мемлекеттік табиғи кешенді қорықшаның аумағында Үлкен қайың аралындағы Званка көлі.
15 / 20
Липецк облысындағы "Галичья Гора" қорығындағы орналасқан жыртқыш құс тәлімбағындағы үкі.
16 / 20
Шарын шатқалы – ұлттық саябақ орналасқан Алматы облысының ең көрікті жерлердің бірі. Мұндағы әйгілі "Қорғандар алқабына" мыңдаған туристер қызығушылық танытады.
17 / 20
Х.Шапошников атындағы Кавказ мемлекеттік табиғи биосфералық резерваты аумағындағы Фишт-Оштен тау сілемі.
18 / 20
Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Қазақстанның алып дала кеңістігінің орталығында тау-орманды оазис ретінде орналасқан. Ұлттық паркте сүтқоректілердің 45 түрі, құстардың 150-ден астам түрі мекен етеді. 2019 жылы қорықта өрт болып, оның көлемі 3 700 гектар аумақты қамтыды. Мұның 1 900 гектары орман болатын.
19 / 20
Камчаткадағы Кронот мемлекеттік табиғи биосфералық қорығындағы Шағын Семячик жанартауындағы кратер көлінің тікұшақтан көрінісі.
20 / 20
Түркістан облысындағы Сайрам-Өгем ұлттық паркі. Паркте жеті табиғи аймақ бар. Мұнда түрлі жабайы табиғаттың өкілдері тіршілік етеді. Атап айтсақ, паркте сүтқоректілердің 59 түрі, оның ішінде Батыс Тянь-Шань үшін таңсық саналатын Мензбир суыры, құстың 300-ге жуық түрі және 1 635 өсімдік түрі бар. Оның 240-ы Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.