Саясат

Елорда мәслихатына кімдер өтті – депутаттардың толық тізімі жарияланды

Nur Otan, "Ақ жол" мен Қазақстан халық партиясының атынан Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатына 31 депутат өтті
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 14 қаңтар – Sputnik. VІI шақырылған елордалық мәслихат депутаттарының тізімі жарияланды. Сайлаудың қорытындысы бойынша үш партияның өкілдері астаналықтардың мүддесін қорғайды.

Оқи отырыңыз: Жансая Әбдімәлік Алматы мәслихатындағы ең жас депутат атанды 

Жалпы, Нұр-Сұлтан қаласының мәслихатына 31 депутат өтті. Олардың ішінде Nur Otan-нан –  26 адам, Ақ жолдан – үшеу, ал Қазақстан халық партиясынан екі адам мәслихат депутаты қызметіне тағайындалды.

Қазақстан халық партиясының депутаттары:

  1. Нұрдәулет Амантайұлы Оразханов, 1983 жылы туған, "Қазақстан халық партиясының" астаналық филиалының бірінші хатшысы; 
  2. Назгүл Сейітқожықызы Мақажанова, 1984 жылы туған, "Шапағат" халықтық жобасы" қайырымдылық қорының жетекшісі;

Nur Otan-ның мәслихат депутаттары:

  1. Айтжан Мұхамеджанұлы Әбдіров, 1962 жылы туған, Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің басқарма төрағасының орынбасары;
  2. Азамат Серікұлы Айтхожин, 1975 жылы туған, Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы;
  3. Саламат Қуатұлы Ахметов, 1981 жылы туған, "Нұр Астана Құрылыс" ЖШС бас директоры;
  4. Динара Сәтжанқызы Байсеркина, 1974 жылы туған, № 6 қалалық емхананың директоры;
  5. Саят Нұрланұлы Бәтпенов, 1986 жылы туған, "QazProm-Minerals" ЖШС бас директоры;
  6. Ерлан Ерғазыұлы Дәкенов, 1977 жылы туған, мемлекеттік академиялық филармонияның бас директоры;
  7. Гүлжамал Әлкенқызы Жапарова, 1961 жылы туған, "Тұран-Астана" университетінің ректоры;
  8. Салтанат Мұқанбетпанақызы Дженалаева, 1982 жылы туған, "Эндохирургия клиникасы" ЖШС бас директоры;
  9. Алмат Асқарұлы Жүнісов, 1978 жылы туған, "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының директоры;
  10. Бақдаулет Болатұлы Жанділдаев, 1998 жылы туған, Jas Otan төрағасы;
  11. Ерлан Ермекұлы Каналимов, 1982 жылы туған, Nur Otan партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары; 
  12. Талғат Тимкенұлы Қожахметов, 1965 жылы туған, "BI Holding" ЖШС басқарма төрағасының орынбасары; 
  13. Батыр Куанышұлы Котырев, 1972 жылы туған, "НК" КТЖ" АҚ бас инженері;
  14. Нұрлан Маратұлы Көпешев, 1988 жылы туған, "Астана-Энергия" АҚ басқарма төрағасының орынбасары; 
  15. Талғат Мақсұтұлы Нәрікбаев, 1978 жылы туған, Нәрікбаев атындағы Қазақ мемлекеттік заң университетінің басқарма төрағасы; 
  16. Азамат Тұрсынұлы Өмірзақов, 1988 жылы туған, "Azamat Group" ЖШС директоры;
  17. Азамат Манасұлы Орынбасаров, 1992 жылы туған, "Керуен групп" ЖШС бас директоры;
  18. Ләззат Мұратқызы Разбекова-Тілеуханова, 1974 жылы туған, Нұр-Сұлтан қаласының технологиялық колледжінің директоры;
  19. Ғабит Хәкімұлы Сатмағамбетов, 1979 жылы туған, "G Park" бас директоры;
  20. Алмагүл Тілектесқызы Сегізбай, 1972 жылы туған, № 37 мектеп-лицейінің директоры;
  21. Владислав Алексеевич Сергеев, 1984 жылы туған, Nur Otan партиясы филиал төрағасының орынбасары; 
  22. Ерлан Батташұлы Сыдықов, 1956 жылы туған, Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры;
  23. Алтыншаш Жұмашқызы Табылдина, 1968 жылы туған, № 5 қалалық емхананың директоры;
  24. Ғабит Калиұлы Тәжімұратов, 1972 жылы туған, Нұрсұлтан Назарбаев атындағы халықаралық әуежайдың басқарма төрағасы;
  25. Динара Аманболқызы Оразалина, 1978 жылы туған, Отан соғысы мүгедектеріне арналған орталық клиникалық госпитальдің директоры;
  26. Сергей Юрьевич Шукшев, 1970 жылы туған, Center Beton Company директоры;

"Ақ жол" партиясының депутаттаты:

  1. Асқар Сайлаубекұлы Смағұлов, 1970 жылы туған, "Ақмола вагон жөндеу зауыты" АҚ директорлар кеңесінің мүшесі; 
  2. Бауыржан Мұхаметсафұлы Жанқонақов, 1967 жылы туған, "Construction Plant" ЖШС бас директорының орынбасары; 
  3. Серік Тұяқұлы Түсіпов, 1960 жылы туған, "Sanuto" ЖШС директоры.