Қоғам

Жансая Әбдімәлік Алматы мәслихатындағы ең жас депутат атанды

© Sputnik / Владислав ВодневЖансая Әбдімалік
Жансая Әбдімалік - Sputnik Қазақстан
Жазылу
2019 жылы әлемдегі ең үздік шахматшы атанған қазақстандық танымал шахматшы Nur Otan партиясы атынан сайлауға түсті

АЛМАТЫ, 14 қаңтар – Sputnik. Nur Otan саяси партиясының Алматы филиалының саяси кеңес бюросы мәслихат депутаттарының тізімін бекітті. Енді оларды аймақтық сайлау комиссиясы тіркейді.

Кандидаттар арасында "Tanmedia Group" директорлар кеңесінің төрағасы Арманжан Байтасов, бизнесмен Қайрат Құдайберген және танымал шахматшы Жансая Әбдімәлік бар.

Әбдімәлік бұл тізімдегі ең жас кандидат. 2000 жылдың 12 қаңтарында туған ол жақында ғана 21 жасқа толды.

Жансая Әбдімәліктің жетістіктері

2019 жылы Жансая Әбдімәлік 20 жасқа дейінгі әлемдегі ең үздік шахматшы атанды. Ол классикалық, рапид (жедел шахмат) және блиц бойынша ЭЛО рейтингінде көш бастап тұрды.

Әбдімәлік бала кезінен шахматпен айналысқан. Ол 14 жасында Қазақстанның ең жас гроссмейстері атанды. Қазір оның қоржынында республикалық және әлемдік беделді жарыстардың жүлделері бар.

Nur Otan Алматы филиалының баспасөз қызметі хабарлағандай, ұсынылған тізімде әйелдердің үлесі 31%-ті, жастардың үлесі – 24%-ті құрады. Депутаттардың орташа жасы – 43 жас (бұрын, VI шақырылымдағылардың орташа жасы 48 жас болатын), осылайша депутаттар құрамы 5 жасқа жасарды.

Оқи отырыңыз: Керімбекова жаңа қызметі жайлы: некелерімді санамай, бата беріңіздер!

Жаңа депутаттық фракция алдында "Алматы-2050" стратегиясы негізінде әзірленген сайлауалды бағдарлама мен сайлаушылар аманатының орындалуын жүйелі түрде қадағалау міндеті тұр.

Nur Otan партиясы Алматы қалалық филиалынан сайланған депутаттар тізімі:

1. Ақанова Әсия Айқанқызы – Алмалы аудандық белсенді ұзақ өмір орталығының және "Күміс ғасыр" ҚҚ-ның директоры.

2. Авершин Константин Викторович – "Я – алматинец" қоғамдық қозғалысының жетекшісі.

3. Әбдімәлік Жансая Даниярқызы – Қазақстандық шахматшы, халықаралық спорт шебері және әйелдер арасындағы гроссмейстер.

4. Әділханов Мұрат Әділханұлы – "Көктем групп ЛТД" ЖШС-нің басқарма төрағасы.

5. Байтасов Арманжан Мерекеұлы – "Tanmedia Group" директорлар кеңесінің төрағасы.

6. Бекенова Гүлжан Мырзалықызы – №169 мектеп-лицейдің директоры.

7. Білісбеков Асқар Ерғалиұлы – "Алматы ӘКҚ" АҚ-ның басқарма төрағасы.

8. Бөлекбаева Райхан Чантқызы – Қонаев атындағы коледж директоры.

9. Грачев Михаил Владимирович – "ДСУ-13" АҚ-ның директоры.

10. Есматов Серік Аманжолұлы – Параолимпиадашы, волейболдан Қазақстанның жастар құрама командасының экс-капитаны.

11. Жүдебаев Арман Әділханұлы – Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры.

12. Зулеев Мұхтар Махамбетұлы – "Good food KZ" ЖШС-нің директоры.

13. Ибрагимова Ләзат Еркенқызы – "Қазақстанның Тұрғынүйқұрылысжинақбанкінің" АҚ-ының басқарма төрағасы.

14. Ибраимов Ермахан Сағиұлы – бокстан Олимпиада чемпионы, "Бокстан олимпиадаға даярлау орталығы" РМКК-ның директоры.

15. Канкуров Станислав Владимирович – Nur Otan партиясы Алматы ҚФ төрағасының бірінші орынбасары.

16. Қасымов Ерболат Болатұлы – "Айсултан" холдингтік компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы.

17. Көбеева Алтынай Орманқалиқызы – Алматы қаласы қоғамдық кеңесінің хатшысы, "Ақпараттық-ресурстық орталық" ҚҚ-ның директоры.

18. Қодасбаев Алмат Тұрысбекұлы – "Қалалық кардиологиялық орталық" ШЖҚ МКК-ның бас дәрігері, 100 жаңа есім жобасының жеңімпазы.

19. Құдайберген Қайрат Құдайбергенұлы – "Q3 Worldwide" инвестициялық холдингтің бас директоры.

20. Құрманбек Әсел – "Green Works" ЖШС-нің құрылтайшысы.

21. Нәбиев Әміржан Әміржанұлы – "Атрикс-Строй" ЖШС-нің директоры.

22. Садықов Болат Нұрмырзаұлы – "№5 қалалық клиникалық аурухана" МҚК-ның бас дәрігері.

23. Сәрсенбай Қали Қошқарұлы – "Алматы ақшамы" газетінің бас редакторы.

24. Талбидинов Есенгелді Закірханұлы – "Жол-Транссервис 2006" бас директоры.

25. Тау Нұрымбек – "Daco motors KZ" ЖШС-нің директоры.

26. Өмірбаева Зауреш Әбілғожанқызы – Кәсіподақтардың Алматы қаласы бойынша "Кәсіподақ орталығы" аумақтық бірлестігінің төрағасы.

27. Финогенов Максим Владимирович – "DWS group" компаниясының директоры.

28. Шардинов Шухрат Ахметжанұлы – "АЗМК" ЖШС-нің бас директоры.

29. Шимашева Рахат Сейдахметқызы – Алматы қаласының әлеуметтік әл-ауқат басқармасының басшысы.

Жаңалықтар
0