Ерекше флешмобқа ондаған адам қатысты. Олар жағажай киімінің үстінен тон мен қысқы сырт киім киген.
Ұйымдастырушылар бұл шара 8 жылдан бері дәстүрге айналғанын айтып отыр. Олардың бірі @stroev_ilya70 Instagram-дағы парақшасында биыл рекордтық минус 40 градус болғанын жазды.
Қақаған аязда көтеріңкі көңіл-күй мен жаз лебін қалай сезінуге болатынын видеодан көре аласыз.