Видео

- 40 градуста тұрғындар жағажай кешін ұйымдастырды – видео

Жазылу
Ресейдің Томск қаласының тұрғындары қақаған аязға қарамастан, жағажайда жүргендей күйге бөленді. Олар музыка қосып, мәз-мейрам болып билеп жүр

Ерекше флешмобқа ондаған адам қатысты. Олар жағажай киімінің үстінен тон мен қысқы сырт киім киген.

Ұйымдастырушылар бұл шара 8 жылдан бері дәстүрге айналғанын айтып отыр. Олардың бірі @stroev_ilya70  Instagram-дағы парақшасында биыл рекордтық минус 40 градус болғанын жазды.

Қақаған аязда көтеріңкі көңіл-күй мен жаз лебін қалай сезінуге болатынын видеодан көре аласыз.

Жаңалықтар
0