Қоғам

Өткен аптада коронавирустан 57 адам қайтыс болды

Жалпы пандемия басталғалы бері 160 650 қазақстандық коронавирус инфекциясын жұқтырды, 2 352 адам көз жұмды
Sputnik

АЛМАТЫ, 8 қаңтар – Sputnik. Қазақстанда 2020 жылдың 28 желтоқсаны мен 2021 жылдың 3 қаңтары аралығында коронавирус инфекциясынан 57 адам қайтыс болды. Бұл туралы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия хабарлады. 

Өткен аптада республикада 57 адам коронавирустан қайтыс болды. Оның ішінде:

  • Атырау облысында – 18;
  • Алматы қаласы – 9;
  • Павлодар облысында – 7;
  • Батыс Қазақстан облысында – 5;
  • Шығыс Қазақстан облысында – 5;
  • Алматы облысында – 2;
  • Қостанай облысында – 2;
  • Қарағанды облысында – 2;
  • Нұр-Сұлтан қаласында – 2;
  • Шымкент қаласында – 2;
  • Ақмола облысында – 1;
  • Ақтөбе облысында – 1;
  • Түркістан облысында – 1.

Осылайша, Қазақстанда 8 қаңтардағы ақпарат бойынша, COVID-19 инфекциясынан барлығы 2 352 адам қайтыс болды.

Парламент сайлауы тақап қалды: қазақстандықтар нені білуі тиіс

Айта кетейік, Қазақстанда 21-27 желтоқсанда 66 адам коронавирустан көз жұмды. Ал 14-20 желтоқсан аралығында 49 науқас инфекциядан қайтыс болды.

Жалпы пандемия басталғалы бері 160 650 қазақстандық вирус жұқтырды, бірінші тамыздан бері 46 190 адам пневмонияға шалдықты, 519 пациент қайтыс болды.