АЛМАТЫ, 8 қаңтар – Sputnik. Қазақстанда 2020 жылдың 28 желтоқсаны мен 2021 жылдың 3 қаңтары аралығында коронавирус инфекциясынан 57 адам қайтыс болды. Бұл туралы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия хабарлады.
Өткен аптада республикада 57 адам коронавирустан қайтыс болды. Оның ішінде:
- Атырау облысында – 18;
- Алматы қаласы – 9;
- Павлодар облысында – 7;
- Батыс Қазақстан облысында – 5;
- Шығыс Қазақстан облысында – 5;
- Алматы облысында – 2;
- Қостанай облысында – 2;
- Қарағанды облысында – 2;
- Нұр-Сұлтан қаласында – 2;
- Шымкент қаласында – 2;
- Ақмола облысында – 1;
- Ақтөбе облысында – 1;
- Түркістан облысында – 1.
Осылайша, Қазақстанда 8 қаңтардағы ақпарат бойынша, COVID-19 инфекциясынан барлығы 2 352 адам қайтыс болды.
Парламент сайлауы тақап қалды: қазақстандықтар нені білуі тиіс
Айта кетейік, Қазақстанда 21-27 желтоқсанда 66 адам коронавирустан көз жұмды. Ал 14-20 желтоқсан аралығында 49 науқас инфекциядан қайтыс болды.
Жалпы пандемия басталғалы бері 160 650 қазақстандық вирус жұқтырды, бірінші тамыздан бері 46 190 адам пневмонияға шалдықты, 519 пациент қайтыс болды.