Өңірлер

Алматыда сайлау қарсаңында кімдер ПТР-тест тапсырады

Журналистер коронавирустың бар-жоғын анықтайтын тест тапсырмайды, себебі олар күні бойы сайлау учаскесінде отырмайды, деді Бекшин
Sputnik

АЛМАТЫ, 7 қаңтар – Sputnik. Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин кімдер 10 қаңтарда өтетін мәжіліс сайлауына орай коронавирусқа қарсы тест тапсыратынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бекшин корпоративтік кештер өткізудің соңы неге әкелгенін айтты
"Қазір қаламыз коронавирустың "сары" аймағында тұр. Бұл мәселе (мәжіліс сайлауы – Sputnik) бойынша шектеу шараларын бақылауды күшейтуіміз керек. Сайлау учаскесінде жұмыс істейтін қызметкерлер ол жерде күні бойы болады. Сол себепті олар міндетті түрде коронавирустың бар-жоғын анықтайтын тест тапсырады", - деді Бекшин.

Айтуынша, екі күнде сайлау учаскесінде жұмыс істейтін 5 840 адам тест тапсырған. Арасында сегіз адамнан инфекция табылды. Олардың орнына басқа адам жұмысқа кіріседі.