Өңірлер

Бекшин корпоративтік кештер өткізудің соңы неге әкелгенін айтты

CC0 / pixabay.com/takedahrs / Фуа-гра на тарелке, иллюстративное фото
Фуа-гра на тарелке, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматы қаласының бас санитар дәрігері соңғы 14 күнде қаладағы эпидемиологиялық жағдай нашарлап кеткенін мәлімдеді

АЛМАТЫ, 7 қаңтар – Sputnik. Алматыда эпидемиологиялық жағдай нашарлаған. Бұл туралы қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Оқи отырыңыз: Қазақстанның бір облысы коронавирустың "қызыл" аймағына қайта оралды 

Алматы әзірге коронавирустың "сары" аймағында тұр. Індеттің екінші толқыны қазан айында басталған, үш ай ішінде инфекция жұқтырғандар саны 14 есе өсті. Қаңтардың жеті күнінде 700 адам індетке шалдықты. Сонымен қатар қаңтарда науқастардың саны 4500 адамға жетуі мүмкін.

"Соңғы 14 күнде 20-39 жас аралығындағы азаматтар арасында аурушаңдық 35%, 40-59 жас аралығында 33% болды, бұған тұрғындардың шектеу шараларын бұзып, корпоративтік кештер өткізуі, сауда объектілеріне баруы себеп болып отыр", - деді Бекшин.

Оның айтуынша, қоғамдық орындар, оның ішінде сауда орындары, тамақтану орындарында, базарларда инфекция жұқтыру қаупі жоғары. Науқастардың 44%-і осындай жерде жұқтырған, ал науқастардың 28%-і отбасы ішінде жұқтырған.

Брифинг барысында қаланың бас санитар дәрігері инфекцияның таралуын тоқтату үшін жабық жерлерге, адамдар көп жиналатын орындарға бармауға шақырды.

Жаңалықтар
0