НҰР-СҰЛТАН, 6 қаңтар – Sputnik. Қазақстанның бес облысының тұрғындары үшін мәжіліс сайлауында дауыс беру кешірек басталады, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға Орталық сайлау комиссиясы.
Бес өңірде – Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау және Қызылорда облыстарында учаскелер жергілікті уақыт бойынша таңғы 7-де жұмысын бастайды. Дегенмен уақыт белдеулері арасындағы айырмашылыққа байланысты Қазақстанның қалған облыстарына қарағанда бір сағатқа кеш ашылады.
Оқи отырыңыз: Астаналықтар дауыс беру учаскелерінің нөмірін онлайн біле алады
Жексенбі, 2021 жылдың 10 қаңтарында таңғы сағат 7-де Қазақстан парламенті мәжілісі мен мәслихаттары сайлауында дауыс беру үшін сайлау учаскелері ашылады.
Сағат 20.00-де учаскелер жабылып, дауыстарды санау басталады және дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасалады деп жоспарланып отыр.
Сайлауға бес партияның үміткерлері қатысады: Nur Otan, "Ақ жол" Қазақстанның демократиялық партиясы, Қазақстан халық партиясы (экс-коммунистер), "Ауыл" халықтық-демократиялық партиясы және "Адал" саяси партиясы.