Қоғам

Мәжіліс сайлауы: Қазақстанның бірнеше облысында дауыс беру кешірек басталады

© Sputnik / Абзал КалиевПриглашение на выборы в мажилис и маслихаты
Приглашение на выборы в мажилис и маслихаты  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанның бірқатар өңірінде сайлау учаскелері уақыт белдеулері арасындағы айырмашылыққа байланысты кештеу ашылады

НҰР-СҰЛТАН, 6 қаңтар – Sputnik. Қазақстанның бес облысының тұрғындары үшін мәжіліс сайлауында дауыс беру кешірек басталады, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға Орталық сайлау комиссиясы.

Бес өңірде – Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау және Қызылорда облыстарында учаскелер жергілікті уақыт бойынша таңғы 7-де жұмысын бастайды. Дегенмен уақыт белдеулері арасындағы айырмашылыққа байланысты Қазақстанның қалған облыстарына қарағанда бір сағатқа кеш ашылады.

Оқи отырыңыз: Астаналықтар дауыс беру учаскелерінің нөмірін онлайн біле алады 

Жексенбі, 2021 жылдың 10 қаңтарында таңғы сағат 7-де Қазақстан парламенті мәжілісі мен мәслихаттары сайлауында дауыс беру үшін сайлау учаскелері ашылады.

Сағат 20.00-де учаскелер жабылып, дауыстарды санау басталады және дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасалады деп жоспарланып отыр.

Сайлауға бес партияның үміткерлері қатысады: Nur Otan, "Ақ жол" Қазақстанның демократиялық партиясы, Қазақстан халық партиясы (экс-коммунистер), "Ауыл" халықтық-демократиялық партиясы және "Адал" саяси партиясы.     

Жаңалықтар
0