Экономика

Өткен жылы Қазақстанда не қымбаттады

Өткен жылы Қазақстанда бәрінен бұрын азық-түлік тауарларының бағасы көтерілді, олардың кейбірі үштен бірі есе шарықтаған
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 5 қаңтар – Sputnik. Қазақстанда өткен жылы (2019 жылмен салыстырғанда) инфляция 7,5% болды. Сонымен қатар азық-түлік тауарлары 11,3%, азық-түлік емес тауарлар 5,5%, ақылы қызметтер 4,2% қымбаттады. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының сайтында хабарланды.

Бір жыл ішінде қандай өнімдер қымбаттады

  • құмшекер – 33,9%,
  • күнбағыс майы – 33,7%,
  • жармалар – 28,7%,
  • жұмыртқа – 20%,
  • картоп – 16,8%,
  • ұн – 16,3%,
  • жаңа жиналған көкөністер, қой еті – 15,4%,
  • жаңа жиналған жемістер – 14,9%,
  • макарон өнімдері – 14,7%,
  • сары май – 13,6%,
  • жылқы еті – 11,9%,
  • мәйекті ірімшік – 11,4%,
  • шай – 11,2%,
  • мұздатылған балық – 10,1%,
  • сиыр еті – 10%,
  • сүт – 9,7%,
  • шошқа еті – 8%,
  • нан – 5,9%,
  • темекі өнімдері – 14,9%,
  • минералды және ас суы – 10,4%,
  • алкогольді сусындар 7,8% қымбаттады.

Тек тауық еті 5,7%, сөк 2,6%, күріш 1,7%-ке арзандаған.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар мен техниканың бағасы

2020 жылы мына заттар қымбаттады:

  • алтыннан жасалған зергерлік бұйымдар– 13%,
  • жуғыш және тазалағыш құралдар – 10,2%,
  • дәрі-дәрмек – 9,9%,
  • жеке қолданылатын тауарлар – 9,4%,
  • тұрмыстық аспаптар – 8%,
  • автомобиль – 7,3%,
  • ноутбук – 6,7%,
  • жиһаз және үйге қажетті заттар – 6,6%,
  • ыдыс-аяқ – 6,1%,
  • киім және аяқ киім – 4,8%,
  • тас көмір – 3,5%,
  • бензин – 2,5%.

Дизель отыны 6,6%-ке арзандады.

Қызмет көрсету бағасы қалай өзгерді

  • құқықтық қызметтер, жеке көлік құралдарын сақтандыру – 10%,
  • кинотеатр қызметтері – 8,1%,
  • шаштараз және сұлулық салоны қызметтері – 7,2%,
  • қоғамдық тамақтандыру қызметтері – 6,9%,
  • денсаулық сақтау қызметтері – 6,3%,
  • моншаға бару – 5,7%,
  • жерлеу қызметтері – 5,6%,
  • таксимен жол жүру ақысы – 6,8%,
  • жолаушыларды теміржол көлігімен тасымалдау 4,2% қымбаттады.

Әуе көлігінің бағасы 6,2%-ке арзандады.

Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында баға қоқыс шығаруға – 20,5%, электр энергиясына – 6,5%, суық суға – 1%, ыстық суға 0,7% өсті, ал орталық жылытуға – 2%, кәрізге 1,4% төмендеді.