НҰР-СҰЛТАН, 5 қаңтар – Sputnik. Қазақстанда өткен жылы (2019 жылмен салыстырғанда) инфляция 7,5% болды. Сонымен қатар азық-түлік тауарлары 11,3%, азық-түлік емес тауарлар 5,5%, ақылы қызметтер 4,2% қымбаттады. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының сайтында хабарланды.
Бір жыл ішінде қандай өнімдер қымбаттады
- құмшекер – 33,9%,
- күнбағыс майы – 33,7%,
- жармалар – 28,7%,
- жұмыртқа – 20%,
- картоп – 16,8%,
- ұн – 16,3%,
- жаңа жиналған көкөністер, қой еті – 15,4%,
- жаңа жиналған жемістер – 14,9%,
- макарон өнімдері – 14,7%,
- сары май – 13,6%,
- жылқы еті – 11,9%,
- мәйекті ірімшік – 11,4%,
- шай – 11,2%,
- мұздатылған балық – 10,1%,
- сиыр еті – 10%,
- сүт – 9,7%,
- шошқа еті – 8%,
- нан – 5,9%,
- темекі өнімдері – 14,9%,
- минералды және ас суы – 10,4%,
- алкогольді сусындар 7,8% қымбаттады.
Тек тауық еті 5,7%, сөк 2,6%, күріш 1,7%-ке арзандаған.
Азық-түлікке жатпайтын тауарлар мен техниканың бағасы
2020 жылы мына заттар қымбаттады:
- алтыннан жасалған зергерлік бұйымдар– 13%,
- жуғыш және тазалағыш құралдар – 10,2%,
- дәрі-дәрмек – 9,9%,
- жеке қолданылатын тауарлар – 9,4%,
- тұрмыстық аспаптар – 8%,
- автомобиль – 7,3%,
- ноутбук – 6,7%,
- жиһаз және үйге қажетті заттар – 6,6%,
- ыдыс-аяқ – 6,1%,
- киім және аяқ киім – 4,8%,
- тас көмір – 3,5%,
- бензин – 2,5%.
Дизель отыны 6,6%-ке арзандады.
Қызмет көрсету бағасы қалай өзгерді
- құқықтық қызметтер, жеке көлік құралдарын сақтандыру – 10%,
- кинотеатр қызметтері – 8,1%,
- шаштараз және сұлулық салоны қызметтері – 7,2%,
- қоғамдық тамақтандыру қызметтері – 6,9%,
- денсаулық сақтау қызметтері – 6,3%,
- моншаға бару – 5,7%,
- жерлеу қызметтері – 5,6%,
- таксимен жол жүру ақысы – 6,8%,
- жолаушыларды теміржол көлігімен тасымалдау 4,2% қымбаттады.
Әуе көлігінің бағасы 6,2%-ке арзандады.
Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында баға қоқыс шығаруға – 20,5%, электр энергиясына – 6,5%, суық суға – 1%, ыстық суға 0,7% өсті, ал орталық жылытуға – 2%, кәрізге 1,4% төмендеді.