Қоғам

Қазақстанның өңірлерінде дабылды ескерту жарияланды

Шығыс Қазақстан облысында және Алматы облысының солтүстігіндегі кей жерлерде әлі де қатты аяз болады  
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 5 қаңтар – Sputnik. Қазақстанда сәрсенбіде ауа райы аязды, жауын-шашынсыз болады. Республиканың солтүстік-батысында ғана түнде қар жауады. Кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді деп болжанып отыр.

Дабылды ескерту

Шығыс Қазақстан облысында түнде кей жерлерде 40 градусқа дейін қатты аяз болады, Алматы облысының солтүстігінде өте қатты аяз сақталады.

Оқи отырыңыз: Биылғы қыс қандай болады – синоптиктер болжам жасады 

6 қаңтарда Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түседі.

Маңғыстау облысында сәрсенбіде оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.    

Солтүстік Қазақстан облысында жел соғады, кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді.

6-8 қаңтарда Жамбыл облысында кей жерлерде тұман түседі.

Өңірлердегі ауа райы

Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, түнде Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді, Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түседі.

Алматы облысында Жалаңашкөл аумағында жел 20-25 м/с күшейеді, екпіні 30 м/с жетеді. Жамбыл, Түркістан, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Мегаполистердегі ауа райы

Нұр-Сұлтанда күн бұлтты, күндіз 21-23 градус, түнде 23-25 ​​градус аяз.

Алматыда ауа температурасы күндіз минус 5-7, түнде минус 15-17 градус болады.

Шымкентте сынап бағанасы күндіз минус 2-4 градусты, түнде минус 10 градусты көрсетеді.