Елорда тынысы

Рождествода елордада қоғамдық көлік қалай жұмыс істейді

Жаңа жылдық мереке қарсаңында ел астанасында қоғамдық көлік тоқтамайды, алайда бұған дейін қойылған талаптар сақталады
Sputnik

АЛМАТЫ, 5 қаңтар – Sputnik. Жаңа жылдық демалыстан шыққан қазақстандықтар 7 қаңтарда православ христиандарының Рождество мерекесі құрметіне тағы демалады. Бұл күні елордада қоғамдық көліктің қалай жұмыс істейтінін City Transportation Systems компаниясы айтты.

"Рождествода тағы бір күн демалыс беріледі. Бұл күні автобустар әдеттегі режимде жұмыс істейді. Яғни, жетінші қаңтарда қоғамдық көлік тоқтамайды", - делінген CTS баспасөз қызметінің хабарламасында.

Оқи отырыңыз: Семейде автобус жүргізушілері жолға шығудан бас тартты 

Айта кетейік, автобуста медициналық маска тағу қажет, ал жол ақысы қолма-қол ақшасыз төленеді.

Ал елордада автобустарда жол ақысын SMS, мобильді банкингтегі QR-код немесе көлік картасы арқылы төлеуге болады.