Өңірлер

Семейде автобус жүргізушілері жолға шығудан бас тартты

© Sputnik / Владислав ВодневНа остановке автобуса в Нур-Султане
На остановке автобуса в Нур-Султане  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Компания қызметкерлерінің әрекетіне қарағанда, бұл мекемеде көптеген ішкі проблемалар жинақталған

НҰР-СҰЛТАН, 15 желтоқсан – Sputnik. Сейсенбі күні таңертең Семей қаласында қоғамдық көлік қызметі жолға шықпай қойды. Оның басты себебі, тасымалдаушыларға уәде етілген жалақының төленбеуі болғандықтан, жүргізушілер желіге шығуда бас тартқан.

Семей қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Серікқали Жұманов тап осы күні қалада болмай шықты.

"Оны Өскеменге шақырған. Жұманов облыс орталығына "Semey Bus" көлік паркінің директорымен бірге барған. Жүргізушілердің ереуілге шыққанынан екеуі де хабардар", – деп жазады Arnapress.kz басылымы.

"Мен кеше кәсіпорынның инженерлік-техникалық қызметкерлерімен сөйлесіп, оларға "Semey Bus" айналасында қалыптасқан жағдайды түсіндірдім. Қазір біз жалақы мәселесімен айналысып жатырмыз. Анығы сол, біз "Semey Bus" директорымен бірге аталған мәселелер бойынша Өскеменге кеткенімізде осындай жағдай болды", – дейді Жұманов.

Басылымның хабарлауынша, бұл мекемеде мұндай жағдай жиі байқалады. Компания қызметкерлерінің әрекетіне қарағанда, компанияда көптеген ішкі проблемалар жиналған.

Жұманов "Semey Bus" директорының орынбасарымен ұдайы байланыста екенін және жалақы беру бойынша келіссөздер жүргізіліп жатқанын атап өтті.

"Мен бұл туралы әкімге толық баяндадым. Мәселені шешетін боламыз", – деді ол.

Ал Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов болса, еңбек ұжымымен кездесуге аттанған.

"Жұмыс берушінің қарыздарын өтеу туралы кезекті есебі бүгін, 15 желтоқсанда әлеуметтік серіктестік жөніндегі үшжақты комиссия аясында қаралуы тиіс еді. Осы кезге дейін еңбек инспекциясы тарапынан қарызды төлеу қажеттігі туралы жұмыс берушіге бірнеше рет ескертілген болатын", – деп хабарлады Семей әкімдігі.

Оқи отырыңыз: Мереке күндері қоғамдық көлік қалай жүреді

Ал Серікқали Жұманов болса, тасымалдаушылардың сейсенбі күні жұмысқа шығуына қатысты сұраққа нақты жауап айта алмады.

Жаңалықтар
0