Фото

Қыс қызығы: Харбинде мұз мүсіндер қалай жасалады – фото

Sputnik

Харбиндегі бұл шара әлемдегі ең үлкен фестиваль болып табылады. Өйткені, соңғы үш онжылдықта мұнда бірнеше рет Гиннес рекорды жаңарды. Оның ішінде ең ірі мұз мүсіндері мен басқа да ғажайып дүниелер бар.

Фестиваль ресми түрде 5 қаңтарда ашылып, ақпан айының соңына дейін жалғасады.

Қазірдің өзінде ондаған түрлі-түсті ірі мұз мүсіндер көрермендер назарына ұсынылды. Ал бұл жерге келетіндердің көпшілігі негізінен жергілікті халық пен Қытай азаматтары. Себебі, кей елдердегі эпидемиологиялық жағдай саяхаттауға біршама шектеулер қойып отыр.

Фестивальдің биылғы тақырыбы: "Сиқырлы Харбин, мұзды қар, көз жауын алатын Қытай".

1963 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан Харбиндегі мұз мерекесі пандемия жағдайында Қытайда өткен жылдың ең ірі шарасы болмақ.

Оқи отырыңыз: Чебурашкадан Нэчжаға дейін: демалыста көретін үздік мультфильмдер жинағы – фото

Сонымен қатар, ұйымдастырушылар келушілер санының шектелуіне байланысты бағдарламаға өзгерістер енгізілуі мүмкін деп ескертеді. Олардың айтуынша, аймақтардағы адамдардың саны нақты жағдайдың қалай өрбитініне байланысты реттеледі.

1 / 12
Харбиндегі мұз сарайының құрылысшылары мөлдір қабырғаларды қалап жатыр.
2 / 12
Фестивальдің ашылуына дейін жұмысшылар мен мүсіншілер тәулік бойы жұмыс істеп, таңғажайып ғимараттар мен мүсіндер тұрғызады. Жұмысшыларға тамақ дайындалатын шатырларда бөлме температурасы сақталса, сыртта қақаған аяз.
3 / 12
Мұз қалашығының құрылысына арналған материалдар жақын маңда орналасқан Сунгари өзенінің мұз қатқан бетінен ойып алынады. Кейде сәулетшінің идеясын жүзеге асыруға "құрылыс материалы" жетпей қалатын кездер де болады.
4 / 12
Мұз мүсіндер мен сарайларға "мұзды коммуникациялар" жеткізілуде. Бұл күн батып, түн енген шақта бой көтерген мөлдір нысандардың бар сұлулығын паш етуге көмекші болмақ.
5 / 12
Үлкен мұз блоктар судың көмегімен бір-біріне жабыстырылады. Бұл Харбиндегі төмен температурада мұз кірпіштерді біріктірудің таптырмас құралы болып табылады.
6 / 12
Қар мен мұз – суретшілердің жәй адамның ойына келмес фантазияларын іске асыруға мүмкіндік беретін материалдар.
7 / 12
Мұз қалашықтың барлық мүсіндері мен құрылыс нысандары тиісті деңгейде жарықтандырылуы керек. Сондықтан да жарық мәселесіне ерекше мән беріледі.
8 / 12
Өткен жылы 600 гектар аумақты алып жатқан қалашық 15 күннің ішінде салынды.
9 / 12
Жұмысшылар мен суретшілер фестивальге дайындық күндерінде бір отбасыға айналады.
10 / 12
Мұздан салынған құрылыс берік болуы үшін олар темір конструкциялармен бекітіледі.
11 / 12
Харбиндегі мұз қалашықтың құрылысшылары ең көп қолданатын құрал – бензинмен істейтін шынжырлы ара.
12 / 12
Фестивальдің ресми ашылуы бүгін, 5 қаңтарға белгіленген. Бұл айрықша іс-шара бір айдан астам уақытқа созылады.