НҰР-СҰЛТАН, 5 қаңтар – Sputnik. Павлодар қаласының әкімі мен "Павлодарэнерго" АҚ басшысы жылумен қамту жөніндегі комиссия жұмысының аралық нәтижелері туралы облыс әкіміне баяндады. Бұл жөнінде облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
"Павлодарэнерго" АҚ басшысы Олег Перфилов қалаға жылу жеткізіп жатқан жылу көздері ешбір ақаусыз жұмыс істеп тұрғанын атап өтті.
"Алайда, кейбір үйлердегі шүмектердің демонтаждалуы негізгі проблемаға айналып отыр. Соның салдарынан магистральдік желілерге жақын орналасқан үйлерде ауа температурасы жоғары болып, желіден алыс жатқан көпқабатты нысандарға жылу дұрыс жетпеген. ПИК-ті үй шіндегі желілерден шешілген шүмектерді қалпына келтіруге мәжбүрлеу керек", – деді Перфилов.
Осы орайда, өңір басшысы ПИК басшылары тарапынан енжарлық пен жүгенсіздік байқалса, комиссия жұмысына жергілікті полиция қызметін жұмылдыру қажет деп кеңес берді.
Ал қала әкімі бұған дейін көпқабатты тұрғын үйлерге қызмет көрсететін ПИК-ке жылудың ішкі жүйесіне реттеу жүргізу ұсынылғанын атап өтті.
"Павлодар жылу желілері" ЖШС параметрлерді теңестіру бойынша қосымша жұмыстар жүргізіп жатыр. Қазіргі кезде мектептер, балабақшалар мен басқа да мекемелер штаттық режимде жұмыс істеп жатыр", – деді Павлодар әкімі Ержан Имансләм.
Оқи отырыңыз: "Маған қоңырау шал": Павлодар облысының әкімі Иманбекпен кездесті
Айта кетейік, жуырда ғана Павлодарда жылудың төмендігіне шағым көбейген соң, арнайы комиссия көппәтерлі үйлерге тексеру жүргізуде. 5 қаңтар күні таңертең әкімдік пен "Павлодар жылу желілері" мекемесінің мамандары 127 үйді аралап, 92 нысанда жылу деңгейі нормадан төмен екенін анықтады.