Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанның Жаңа жыл нышаны ТМД-дағы ең биік шырша бестігіне енді

Биіктігі 25 метр болатын астананың басты шыршасы ЭКСПО аумағында орналасқан. Ол төртінші орынға ие болды
Sputnik

АЛМАТЫ, 5 қаңтар — Sputnik. ТМД елдері астаналарындағы ең биік шыршалардың рейтингі жарияланды, деп хабарлады ТурСтат.

Бірінші орында Түрікменстанның бас қаласы - Ашхабад шыршасы. Оның биіктігі - 41 метр. Шырша "Әлем" мәдени-сауықтыру орталығының алдына қойылған.

Екінші орын - 36 метрлік Ташкент шыршасында. Ол Навои атындағы ұлттық кітапхана маңында орнатылған.

Беларусь елінің басты шыршасы үшінші орында. Жасанды ағаштың биіктігі 30 метр. Ол Минск қаласындағы Октябрь алаңында тұр.

Биіктігі 25 метр болатын астананың басты шыршасы ЭКСПО аумағында орналасқан. Ол төртінші орынға ие болды.

Нұр-Сұлтанның Жаңа жыл нышаны ТМД-дағы ең биік шырша бестігіне енді

Рейтингте бесінші орын Бішкектегі 25 метрлік шыршаға бұйырды. Ол Ала-Тоо алаңының сәнін келтірді.