Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанның Жаңа жыл нышаны ТМД-дағы ең биік шырша бестігіне енді

© Sputnik / Владислав Воднев Новогоднее оформление города Нур-Султан
 Новогоднее оформление города Нур-Султан - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Биіктігі 25 метр болатын астананың басты шыршасы ЭКСПО аумағында орналасқан. Ол төртінші орынға ие болды

АЛМАТЫ, 5 қаңтар — Sputnik. ТМД елдері астаналарындағы ең биік шыршалардың рейтингі жарияланды, деп хабарлады ТурСтат.

Бірінші орында Түрікменстанның бас қаласы - Ашхабад шыршасы. Оның биіктігі - 41 метр. Шырша "Әлем" мәдени-сауықтыру орталығының алдына қойылған.

Екінші орын - 36 метрлік Ташкент шыршасында. Ол Навои атындағы ұлттық кітапхана маңында орнатылған.

Беларусь елінің басты шыршасы үшінші орында. Жасанды ағаштың биіктігі 30 метр. Ол Минск қаласындағы Октябрь алаңында тұр.

Биіктігі 25 метр болатын астананың басты шыршасы ЭКСПО аумағында орналасқан. Ол төртінші орынға ие болды.

© Sputnik / Владислав ВодневНұр-Сұлтанның Жаңа жыл нышаны ТМД-дағы ең биік шырша бестігіне енді
Нұр-Сұлтанның Жаңа жыл нышаны ТМД-дағы ең биік шырша бестігіне енді - Sputnik Қазақстан
Нұр-Сұлтанның Жаңа жыл нышаны ТМД-дағы ең биік шырша бестігіне енді

Рейтингте бесінші орын Бішкектегі 25 метрлік шыршаға бұйырды. Ол Ала-Тоо алаңының сәнін келтірді.

Жаңалықтар
0