Фото

Аңыз әңгімелер негізінде салынған әлемдегі таңғажайып көпірлер – фото

Sputnik

Көпірлер – бұл айрықша құрылыс түрі. Олар жағалау мен теңізді және құрлықты байланыстырады: қазіргі заманғы көпірлер архитектуралық дизайнымен тағалдырса, ескілері адам сенгісіз аңыздар мен жұмбақ оқиғаларды паш етеді.

Көпірлер өте көркем және алуан түрлі: олар тастардан қашалған, тірі өсімдіктерден құралған, әйнектен жасалған, асау өзендер мен сарқырамалардың, тау шатқалдары мен құздардың үстінде созылып жатыр. Мұндай көпірден өткен кезде демің таусылып, аяғыңнан әл кетеді.

Оқи отырыңыз: Жаңа жылды ерекше жағдайда қарсы алған әлем елдері – фото

Олардың басым көпшілігі инженерлік және құрылыс өнерінің шедеврлері. Сондықтан да талай ғасыр бұрын салынғанына қарамастан, туристерді әлі де таңғалдырып келеді.

Әлемдегі ең ғажайып көпірлер туралы қызықты фактілер мен фотоларды Sputnik материалынан тамашалаңыз.

1 / 14
Прагадағы Карл көпірі – туристердің ең көп келетін орындарының бірі. Прагадағы қариялар мен саяхатшылар бұлтты күндері көпірден ерекше адамдарды кездестіруге болатынын айтады. Ол өтіп бара жатқан адамдарға өзінің мүйізді автопортретін тарту етуді ұсынатын көрінеді. Тағы бір аңыз көпірдің төртінші аркасына қатысты. Аңызға сенсек, мұнда әлі күнге дейін ескі Прага құмырашыларымен дос болған су шайтанының елесі өмір сүреді екен.
2 / 14
500 жылдан астам уақыттан бері қирамай тұрған Оңтүстік Болгариядағы Ібіліс көпірі. Кең таралған аңыз бойынша бұл көпірдің сәулетшісі Арда өзенінің дауылды суы өткелді бұзбауы үшін харам рухтармен келісім жасаған. Осы шартты орындағаны үшін ібіліс көпір құрылысында бірде көрініп, бірде көрінбейтін өз бейнесінің қашалуын талап еткен екен.
3 / 14
Крым көпірі аңыздар мен әр түрлі әңгімелерге толы. Астанадағы жалғыз аспалы құрылыс, Крым көпіріндегі алтын тойтарма туралы хикая – Мәскеу қаласына қатысты кең таралған аңыздардың бірі. Нысан құрылысы аяқталған кезде аңыз бойынша алтын бөлшекті Сталин өзі орнатқан.
4 / 14
Ростокинск акведугі (сужетек) Мәскеуде сақталған ең көне көпір болып саналады. Оның құрылысы 1780 жылы қаланы сумен қамтамасыз етуі тиіс Мытищи су құбырын төсеу аясында басталды. Көпірдің бой көтеруіне 25 жылға жуық уақыт кетті.
5 / 14
Румыниядағы ең ескі темір көпір "өтірікшілер көпірі" деп аталады. Кейбір аңызға сәйкес, мұндай атау сөзді бұрмалау мен тілді түсінбеудің салдарынан пайда болған. Бастапқыда жаяу жүргіншілерге арналған өткел қадаларға салынып, неміс тілінде оны Liegenbrücke деп атаған. Бұл сөзбе-сөз аударғанда "төменге қараған көпір" дегенді білдіреді. Дәл осы сөз "өтіріктің көпірі" дегенді білдіретін Lügenbrücke терминіне айтылуы жағынан ұқсас келеді.
6 / 14
Ібілістің тағы бір көпірі Террагонада орналасқан. Оны шайтан өзі салған деген аңыз бар. Ібіліс өткелден өтіп, өзеннен су ішкен алғашқы адамның жанын ақыға сұраған екен.
7 / 14
Әлемдегі ең ауыр көтерме құрылыс саналатын Құймалы көпір туралы аңыз бұрынғы уақытта оның орнында "құбылғыш-көпір" тұрғанын айтады. Ел арасында тараған хикаяға сәйкес, айсыз түндерде мұнда қара құйын пайда болып, ол өзен айналасында жүрген адамдарды тартып әкететін болған.
8 / 14
Германияның Габленц қаласындағы Кромлау саябағындағы Ракотцбрюке көпірі. Бұл ерекше құрылыс нысанын "Шайтан көпір" деп те атайды. Бұл туралы мистикалық алып-қашпа әңгімелер де көп. Көпір судағы бейнесімен бірігіп, су бетінде мінсіз тегіс шеңбер құрайды. Әрине, мұнда Ракоц өзенінің ағынды су деңгейі де маңызды рөл атқарады.
9 / 14
Туристер ең көп баратын храмдардың бірі Колумбиядағы Лас-Лахас базиликасы Эквадормен шекараға жақын жерде, Гуайтара өзенінің каньонында орналасқан. Неоготикалық собор дәл көпірдің үстінде салынған. Бұл жерге келушілердің айтуынша, бұл аяғыңның астындағы жер қозғалып жатқандай әсер қалдырады.
10 / 14
Шотландиядағы Гленфиннан бетонды аркалы теміржол виадугі. Бұл ерекше әсер қалдыратын құрылыс. Көпір ХІХ-ХХ ғасыр тоғысында салынған. Мұндай жобаның құрылысын жүзеге асыру бетонды ойлап табу және онымен байланысты құрылыс технологияларының дамуы арқасында мүмкін болды. Оның ұзындығы 380 метрді құрайды және 21 аркадан тұрады.
11 / 14
АҚШ-тың Орегон штатындағы Малтнома-Фолс сарқырамасының қабаттары арасында орналасқан көпір. Сарқырама Колумбия өзенінің каньонында орналасқан. Каньонның тереңдігі кей жерлерде 1 200 метрге жетеді және 130 километрден астам қашықтыққа дейін созылады.
12 / 14
Өсімдіктерден тұратын Үндістандағы екі қабатты көпір. Мегхалая штатындағы Черапунджи қаласында тірі өсімдіктен жасалған көпірлерді көруге болады. Олар каучукты фикустан, дәлірек айтқанда, оның діңгектен өсіп шығатын көптеген тамырларынан жасалады. Мегхалаяның негізгі халқын құрайтын кхасилер өсімдікті көпір іспеттес етіп икемдеген. Мұндай көпірді салу үшін кхаси халқы жаңғақша діңгегінен шыбықтар дайындап, оларды өзеннің арғы бетіне лақтырған.
13 / 14
Борго-а-Моццано (Италия) Мария Магалина көпірі – Серкио өзені арқылы өтетін ортағасырлық әсерлі құрылыс. Болжам бойынша, бұл нысан ХІ ғасырда графиня Матильда Каноссенің бұйрығымен салынған. Осы маңда орналасқан газет дүкеніндегі Әулие Магдалина мүсініне байланысты көпірге ХVІ ғасырда атау берілді. Жергілікті тұрғындар оны көбіне "Ібілістің көпірі" деп атайды. Бұл көпірдің адам қолымен тұрғызылмауы туралы аңызбен байланысты.
14 / 14
Калифорния штатының Сан-Франциско қаласындағы "Алтын қақпа" көпірі 1937-1964 жылдар аралығында әлемдегі ең үлкен аспалы көпір болды. Көпірдің ұзындығы 1 970 метрді құрайды. Оның құрылысы 1933 жылы 5 қаңтарда басталып, төрт жылға созылды. 1937 жылы 27 мамырда таңғы 6-да "Алтын қақпа" көпірі тек жаяу жүргіншілер үшін ашылды. 12 сағат бойы керемет құрылыс тек жаяу жүргіншілерге тиесілі болды. Келесі күні ғана президент Рузвельттің тапсырмасы бойынша алғашқы көліктер көпірден жүріп өтті.