Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Аңыз әңгімелер негізінде салынған әлемдегі таңғажайып көпірлер – фото

Жазылу
Sputnik Қазақстан әлемнің түрлі елдерінде бой көтерген ерекше көпірлердің суретін назарларыңызға ұсынады. Егер сіз әлі күнге дейін мұндай көпірлерге аяқ баспаған болсаңыз, онда біздің топтама арқылы шағын фотосаяхат жасап көріңіз

Көпірлер – бұл айрықша құрылыс түрі. Олар жағалау мен теңізді және құрлықты байланыстырады: қазіргі заманғы көпірлер архитектуралық дизайнымен тағалдырса, ескілері адам сенгісіз аңыздар мен жұмбақ оқиғаларды паш етеді.

Көпірлер өте көркем және алуан түрлі: олар тастардан қашалған, тірі өсімдіктерден құралған, әйнектен жасалған, асау өзендер мен сарқырамалардың, тау шатқалдары мен құздардың үстінде созылып жатыр. Мұндай көпірден өткен кезде демің таусылып, аяғыңнан әл кетеді.

Оқи отырыңыз: Жаңа жылды ерекше жағдайда қарсы алған әлем елдері – фото

Олардың басым көпшілігі инженерлік және құрылыс өнерінің шедеврлері. Сондықтан да талай ғасыр бұрын салынғанына қарамастан, туристерді әлі де таңғалдырып келеді.

Әлемдегі ең ғажайып көпірлер туралы қызықты фактілер мен фотоларды Sputnik материалынан тамашалаңыз.

© Sputnik / Alexey Vitvitsky / Медиабанкке өтуПрагадағы Карл көпірі – туристердің ең көп келетін орындарының бірі. Прагадағы қариялар мен саяхатшылар бұлтты күндері көпірден ерекше адамдарды кездестіруге болатынын айтады. Ол өтіп бара жатқан адамдарға өзінің мүйізді автопортретін тарту етуді ұсынатын көрінеді. Тағы бір аңыз көпірдің төртінші аркасына қатысты. Аңызға сенсек, мұнда әлі күнге дейін ескі Прага құмырашыларымен дос болған су шайтанының елесі өмір сүреді екен.
Прагадағы Карл көпірі, Чехия - Sputnik Қазақстан
1/14
Прагадағы Карл көпірі – туристердің ең көп келетін орындарының бірі. Прагадағы қариялар мен саяхатшылар бұлтты күндері көпірден ерекше адамдарды кездестіруге болатынын айтады. Ол өтіп бара жатқан адамдарға өзінің мүйізді автопортретін тарту етуді ұсынатын көрінеді. Тағы бір аңыз көпірдің төртінші аркасына қатысты. Аңызға сенсек, мұнда әлі күнге дейін ескі Прага құмырашыларымен дос болған су шайтанының елесі өмір сүреді екен.
CC BY 2.0 / Klearchos Kapoutsis / Devil's bridge near Bulgarian village Ardino500 жылдан астам уақыттан бері қирамай тұрған Оңтүстік Болгариядағы Ібіліс көпірі. Кең таралған аңыз бойынша бұл көпірдің сәулетшісі Арда өзенінің дауылды суы өткелді бұзбауы үшін харам рухтармен келісім жасаған. Осы шартты орындағаны үшін ібіліс көпір құрылысында бірде көрініп, бірде көрінбейтін өз бейнесінің қашалуын талап еткен екен.
Оңтүстік Болгариядағы Ібіліс көпірі - Sputnik Қазақстан
2/14
500 жылдан астам уақыттан бері қирамай тұрған Оңтүстік Болгариядағы Ібіліс көпірі. Кең таралған аңыз бойынша бұл көпірдің сәулетшісі Арда өзенінің дауылды суы өткелді бұзбауы үшін харам рухтармен келісім жасаған. Осы шартты орындағаны үшін ібіліс көпір құрылысында бірде көрініп, бірде көрінбейтін өз бейнесінің қашалуын талап еткен екен.
© Sputnik / Maksim Blinov / Медиабанкке өтуКрым көпірі аңыздар мен әр түрлі әңгімелерге толы. Астанадағы жалғыз аспалы құрылыс, Крым көпіріндегі алтын тойтарма туралы хикая – Мәскеу қаласына қатысты кең таралған аңыздардың бірі. Нысан құрылысы аяқталған кезде аңыз бойынша алтын бөлшекті Сталин өзі орнатқан.
Мәскеудегі Крым көпірі - Sputnik Қазақстан
3/14
Крым көпірі аңыздар мен әр түрлі әңгімелерге толы. Астанадағы жалғыз аспалы құрылыс, Крым көпіріндегі алтын тойтарма туралы хикая – Мәскеу қаласына қатысты кең таралған аңыздардың бірі. Нысан құрылысы аяқталған кезде аңыз бойынша алтын бөлшекті Сталин өзі орнатқан.
© Sputnik / Valeriy MelnikovРостокинск акведугі (сужетек) Мәскеуде сақталған ең көне көпір болып саналады. Оның құрылысы 1780 жылы қаланы сумен қамтамасыз етуі тиіс Мытищи су құбырын төсеу аясында басталды. Көпірдің бой көтеруіне 25 жылға жуық уақыт кетті.
Мәскеудегі Ростокинск акведугі (сужетек)  - Sputnik Қазақстан
4/14
Ростокинск акведугі (сужетек) Мәскеуде сақталған ең көне көпір болып саналады. Оның құрылысы 1780 жылы қаланы сумен қамтамасыз етуі тиіс Мытищи су құбырын төсеу аясында басталды. Көпірдің бой көтеруіне 25 жылға жуық уақыт кетті.
CC0 / / Румыниядағы ең ескі темір көпір "өтірікшілер көпірі" деп аталады. Кейбір аңызға сәйкес, мұндай атау сөзді бұрмалау мен тілді түсінбеудің салдарынан пайда болған. Бастапқыда жаяу жүргіншілерге арналған өткел қадаларға салынып, неміс тілінде оны Liegenbrücke деп атаған. Бұл сөзбе-сөз аударғанда "төменге қараған көпір" дегенді білдіреді. Дәл осы сөз "өтіріктің көпірі" дегенді білдіретін Lügenbrücke терминіне айтылуы жағынан ұқсас келеді.
Румыниядағы өтірікшілер көпірі - Sputnik Қазақстан
5/14
Румыниядағы ең ескі темір көпір "өтірікшілер көпірі" деп аталады. Кейбір аңызға сәйкес, мұндай атау сөзді бұрмалау мен тілді түсінбеудің салдарынан пайда болған. Бастапқыда жаяу жүргіншілерге арналған өткел қадаларға салынып, неміс тілінде оны Liegenbrücke деп атаған. Бұл сөзбе-сөз аударғанда "төменге қараған көпір" дегенді білдіреді. Дәл осы сөз "өтіріктің көпірі" дегенді білдіретін Lügenbrücke терминіне айтылуы жағынан ұқсас келеді.
CC BY 2.0 / Thomas Gartz / Pont del DiableІбілістің тағы бір көпірі Террагонада орналасқан. Оны шайтан өзі салған деген аңыз бар. Ібіліс өткелден өтіп, өзеннен су ішкен алғашқы адамның жанын ақыға сұраған екен.
Террегонадағы Ібіліс көпірі, Испания - Sputnik Қазақстан
6/14
Ібілістің тағы бір көпірі Террагонада орналасқан. Оны шайтан өзі салған деген аңыз бар. Ібіліс өткелден өтіп, өзеннен су ішкен алғашқы адамның жанын ақыға сұраған екен.
© Sputnik / Alexei Danichev / Медиабанкке өтуӘлемдегі ең ауыр көтерме құрылыс саналатын Құймалы көпір туралы аңыз бұрынғы уақытта оның орнында "құбылғыш-көпір" тұрғанын айтады. Ел арасында тараған хикаяға сәйкес, айсыз түндерде мұнда қара құйын пайда болып, ол өзен айналасында жүрген адамдарды тартып әкететін болған.
Әлемдегі ең ауыр көтерме құрылыс саналатын Құймалы көпір, Санкт-Петербург - Sputnik Қазақстан
7/14
Әлемдегі ең ауыр көтерме құрылыс саналатын Құймалы көпір туралы аңыз бұрынғы уақытта оның орнында "құбылғыш-көпір" тұрғанын айтады. Ел арасында тараған хикаяға сәйкес, айсыз түндерде мұнда қара құйын пайда болып, ол өзен айналасында жүрген адамдарды тартып әкететін болған.
© Photo : Pixabay / Herbert AustГерманияның Габленц қаласындағы Кромлау саябағындағы Ракотцбрюке көпірі. Бұл ерекше құрылыс нысанын "Шайтан көпір" деп те атайды. Бұл туралы мистикалық алып-қашпа әңгімелер де көп. Көпір судағы бейнесімен бірігіп, су бетінде мінсіз тегіс шеңбер құрайды. Әрине, мұнда Ракоц өзенінің ағынды су деңгейі де маңызды рөл атқарады.
Германияның Кромлау саябағындағы Ракотцбрюке көпірі - Sputnik Қазақстан
8/14
Германияның Габленц қаласындағы Кромлау саябағындағы Ракотцбрюке көпірі. Бұл ерекше құрылыс нысанын "Шайтан көпір" деп те атайды. Бұл туралы мистикалық алып-қашпа әңгімелер де көп. Көпір судағы бейнесімен бірігіп, су бетінде мінсіз тегіс шеңбер құрайды. Әрине, мұнда Ракоц өзенінің ағынды су деңгейі де маңызды рөл атқарады.
CC BY-SA 2.0 / Diego Delso / Туристер ең көп баратын храмдардың бірі Колумбиядағы Лас-Лахас базиликасы Эквадормен шекараға жақын жерде, Гуайтара өзенінің каньонында орналасқан. Неоготикалық собор дәл көпірдің үстінде салынған. Бұл жерге келушілердің айтуынша, бұл аяғыңның астындағы жер қозғалып жатқандай әсер қалдырады.
Колумбиядағы Лас-Лахас базиликасы - Sputnik Қазақстан
9/14
Туристер ең көп баратын храмдардың бірі Колумбиядағы Лас-Лахас базиликасы Эквадормен шекараға жақын жерде, Гуайтара өзенінің каньонында орналасқан. Неоготикалық собор дәл көпірдің үстінде салынған. Бұл жерге келушілердің айтуынша, бұл аяғыңның астындағы жер қозғалып жатқандай әсер қалдырады.
CC BY-SA 2.0 / Benutzer: Nicolas17 / Шотландиядағы Гленфиннан бетонды аркалы теміржол виадугі. Бұл ерекше әсер қалдыратын құрылыс. Көпір ХІХ-ХХ ғасыр тоғысында салынған. Мұндай жобаның құрылысын жүзеге асыру бетонды ойлап табу және онымен байланысты құрылыс технологияларының дамуы арқасында мүмкін болды. Оның ұзындығы 380 метрді құрайды және 21 аркадан тұрады.
Шотландиядағы Гленфиннан бетонды аркалы теміржол виадугі. - Sputnik Қазақстан
10/14
Шотландиядағы Гленфиннан бетонды аркалы теміржол виадугі. Бұл ерекше әсер қалдыратын құрылыс. Көпір ХІХ-ХХ ғасыр тоғысында салынған. Мұндай жобаның құрылысын жүзеге асыру бетонды ойлап табу және онымен байланысты құрылыс технологияларының дамуы арқасында мүмкін болды. Оның ұзындығы 380 метрді құрайды және 21 аркадан тұрады.
© Depositphotos.com / WelcomiaАҚШ-тың Орегон штатындағы Малтнома-Фолс сарқырамасының қабаттары арасында орналасқан көпір. Сарқырама Колумбия өзенінің каньонында орналасқан. Каньонның тереңдігі кей жерлерде 1 200 метрге жетеді және 130 километрден астам қашықтыққа дейін созылады.
АҚШ-тың Орегон штатындағы Малтнома-Фолс сарқырамасының қабаттары арасында орналасқан көпір - Sputnik Қазақстан
11/14
АҚШ-тың Орегон штатындағы Малтнома-Фолс сарқырамасының қабаттары арасында орналасқан көпір. Сарқырама Колумбия өзенінің каньонында орналасқан. Каньонның тереңдігі кей жерлерде 1 200 метрге жетеді және 130 километрден астам қашықтыққа дейін созылады.
CC BY-SA 2.0 / Ashwin Kumar / Өсімдіктерден тұратын Үндістандағы екі қабатты көпір. Мегхалая штатындағы Черапунджи қаласында тірі өсімдіктен жасалған көпірлерді көруге болады. Олар каучукты фикустан, дәлірек айтқанда, оның діңгектен өсіп шығатын көптеген тамырларынан жасалады. Мегхалаяның негізгі халқын құрайтын кхасилер өсімдікті көпір іспеттес етіп икемдеген. Мұндай көпірді салу үшін кхаси халқы жаңғақша діңгегінен шыбықтар дайындап, оларды өзеннің арғы бетіне лақтырған.
Өсімдіктерден тұратын Үндістандағы екі қабатты көпір - Sputnik Қазақстан
12/14
Өсімдіктерден тұратын Үндістандағы екі қабатты көпір. Мегхалая штатындағы Черапунджи қаласында тірі өсімдіктен жасалған көпірлерді көруге болады. Олар каучукты фикустан, дәлірек айтқанда, оның діңгектен өсіп шығатын көптеген тамырларынан жасалады. Мегхалаяның негізгі халқын құрайтын кхасилер өсімдікті көпір іспеттес етіп икемдеген. Мұндай көпірді салу үшін кхаси халқы жаңғақша діңгегінен шыбықтар дайындап, оларды өзеннің арғы бетіне лақтырған.
CC BY-SA 2.0 / Glen Bowman / Ponte della Maddalena (Ponte del Diavolo) - Borgo a MozzanoБорго-а-Моццано (Италия) Мария Магалина көпірі – Серкио өзені арқылы өтетін ортағасырлық әсерлі құрылыс. Болжам бойынша, бұл нысан ХІ ғасырда графиня Матильда Каноссенің бұйрығымен салынған. Осы маңда орналасқан газет дүкеніндегі Әулие Магдалина мүсініне байланысты көпірге ХVІ ғасырда атау берілді. Жергілікті тұрғындар оны көбіне "Ібілістің көпірі" деп атайды. Бұл көпірдің адам қолымен тұрғызылмауы туралы аңызбен байланысты.
Борго-а-Моццано (Италия) Мария Магалина көпірі - Sputnik Қазақстан
13/14
Борго-а-Моццано (Италия) Мария Магалина көпірі – Серкио өзені арқылы өтетін ортағасырлық әсерлі құрылыс. Болжам бойынша, бұл нысан ХІ ғасырда графиня Матильда Каноссенің бұйрығымен салынған. Осы маңда орналасқан газет дүкеніндегі Әулие Магдалина мүсініне байланысты көпірге ХVІ ғасырда атау берілді. Жергілікті тұрғындар оны көбіне "Ібілістің көпірі" деп атайды. Бұл көпірдің адам қолымен тұрғызылмауы туралы аңызбен байланысты.
© Photo : Pixabay / Free-Photos с сайта Калифорния штатының Сан-Франциско қаласындағы "Алтын қақпа" көпірі 1937-1964 жылдар аралығында әлемдегі ең үлкен аспалы көпір болды. Көпірдің ұзындығы 1 970 метрді құрайды. Оның құрылысы 1933 жылы 5 қаңтарда басталып, төрт жылға созылды. 1937 жылы 27 мамырда таңғы 6-да "Алтын қақпа" көпірі тек жаяу жүргіншілер үшін ашылды. 12 сағат бойы керемет құрылыс тек жаяу жүргіншілерге тиесілі болды. Келесі күні ғана президент Рузвельттің тапсырмасы бойынша алғашқы көліктер көпірден жүріп өтті.
Калифорния штатының Сан-Франциско қаласындағы Алтын қақпа көпірі - Sputnik Қазақстан
14/14
Калифорния штатының Сан-Франциско қаласындағы "Алтын қақпа" көпірі 1937-1964 жылдар аралығында әлемдегі ең үлкен аспалы көпір болды. Көпірдің ұзындығы 1 970 метрді құрайды. Оның құрылысы 1933 жылы 5 қаңтарда басталып, төрт жылға созылды. 1937 жылы 27 мамырда таңғы 6-да "Алтын қақпа" көпірі тек жаяу жүргіншілер үшін ашылды. 12 сағат бойы керемет құрылыс тек жаяу жүргіншілерге тиесілі болды. Келесі күні ғана президент Рузвельттің тапсырмасы бойынша алғашқы көліктер көпірден жүріп өтті.
Жаңалықтар
0