Екі қабатты жаңа көпір 140 метр биіктікте тұр. Ол Чжэцзян провинциясында Шэньсяньцзюй маңындағы таулы аймақта орналасқан.
Оның әрбір бөлігі құпияға толы сынды көрінеді. Пішіні америкалық аттракционға да, адамның ДНҚ спираліне де ұқсайтындай.
Көпірде 12 метрлік шыны алаң жасалған. Туристер шыны еден арқылы табиғат көрінісін суретке түсіре алады.
Жаңа нысан 2017 жылдан бері салынған.