Видео

Қытайда жүрек жұтқандарға арналған жаңа көпір пайда болды – видео

Жазылу
Қытайда туристерге арналған тағы бір жаңа нысан салынды. Бұл көпір екі жартастың арасында орналасқан

Екі қабатты жаңа көпір 140 метр биіктікте тұр. Ол Чжэцзян провинциясында Шэньсяньцзюй маңындағы таулы аймақта орналасқан. 

Оның әрбір бөлігі құпияға толы сынды көрінеді. Пішіні америкалық аттракционға да, адамның ДНҚ спираліне де ұқсайтындай.

Көпірде 12 метрлік шыны алаң жасалған. Туристер шыны еден арқылы табиғат көрінісін суретке түсіре алады.

Жаңа нысан 2017 жылдан бері салынған.

Жаңалықтар
0